Жиналыс құзыреттері

Инструкция

МИБ төрағасы жиналыста пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасынан бір жыл мерзімге сайланады.

Заңның 43-бабының 7-тармағының 5) тармақшасына көрсетілгендей, МИБ төрағасы мынадай функцияларды екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы және жинақ шоттарын ашуды жүзеге асырады.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, МИБ жаңа төрағасын таңдауды немесе МИБ қолданыстағы төрағасын жаңа мерзімге қайта сайлауды МИБ қолданыстағы төрағасының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін алдын ала жиналыста жүзеге асыру қажет.

Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың жалпы жиналысының шешiмiнсiз МИБ төрағасының өкiлеттiгiн ұзарту қолданылып жүрген заңдарға қайшы келедi.

Заңның 42-1-бабының 2-тармағының 1) және 16) тармақшаларында көрсетілгендей, жиналыстың құзыретіне:

- мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасын, жай серіктестіктің сенім білдірілген адамын, үй кеңесінің мүшелерін сайлау, қайта сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

- МИБ төрағасына, жай серіктестіктің сенім білдірілген адамына еңбекақы төлеу мөлшерін келісу жатады.

Сонымен қатар, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесінің (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығы) 5-тармағына сәйкес,   кондоминиум объектісін басқаруда:

1) бухгалтерлік есепті, статистикалық және салық есептілігін жүргізгені үшін еңбекақы (көрсетілетін қызмет) төлемі;

2) кондоминиум объектісін басқарғаны үшін Атқарушы органға (МИБ төрағасы) еңбекақы төлемі;

3) бюджетке міндетті төлемдер (салықтар, жарналар, аударымдар және басқалар);

4) банктік қызметтер;

5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету үшін төлем;

6) офисті ұстауға (жалға алу, байланыс, интернет, кеңсе тауарлары, ұйымдастыру техникасы және оны ұстау) арналған шығыстар жатады.

Баяндалғанның негізінде, төрағаның еңбегіне ақы төлеу пәтер иелері, тұрғын емес үй-жайлар жиналысының хаттамасы негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, МИБ төрағасы мен пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлар иелері арасындағы қарым-қатынас ақылы жыл сайынғы еңбек демалысын көздемейтін кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау бойынша қызмет көрсету туралы шартпен жасалатынын атап өтеміз.

Заңның 42-1-бабының 2-тармағына сәйкес, жиналыстың құзыретіне кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың жылдық сметасын бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың мөлшерін бекіту жатады.

Жоғарыда баяндалғанның негiзiнде, жиналыстағы пәтерлердiң, тұрғын емес үй-жайлардың меншiк иелерi дауыс беру жолымен пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншiк иелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы болған кезде кондоминиум объектiсiн басқаруға және кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн ұстауға арналған шығыстардың жылдық сметасын бекiтуге қатысты шешiм қабылдауға құқылы.

Дата обновления - 02.06.2025
Справочная информация
• «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы
545