Жиналыстар қалай өткізіледі

Инструкция

Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды.

Жиналыста қабылданған шешімдер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың барлық меншік иесі үшін міндетті болып табылады.

Жиналыс шешімі хаттамамен ресімделеді.

Жиналыс жылына бір реттен сиретпей өткізіледі. Жиналыс үй кеңесінің не МИБ төрағасының не жай серіктестіктің сенім білдірілген адамының бастамасы бойынша не ревизиялық комиссияның (ревизордың) талап етуі бойынша не пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кемінде он пайызының талап етуі бойынша не тұрғын үй инспекциясының бастамасы бойынша шақырылады немесе жазбаша сұрау жүргізу белгіленеді.

Өз кезегінде, Заңның 42-1-бабының 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілгендей, жиналыстың құзыретіне МИБ төрағасын, ЖС сенім білдірілген адамын, үй кеңесінің мүшелерін сайлау, қайта сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату сонымен қатар,  кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау не үй кеңесіне басқару нысанын таңдау туралы өкілеттіктерді беру туралы шешім қабылдау жатады.

Заңның жоғарыда көрсетілген бабының 5-тармақшасына сәйкес, егер жиналысқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жиналыс шешім қабылдауға құқылы.

Шешім дауыс беруге тікелей қатысқан пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады.

Заңның 42-2-бабының көрсетілгендей, егер бұрын жарияланған келу тәртібімен өткізілетін жиналыс кворум болмағандықтан өтпесе, жиналыс жазбаша сұрау жүргізу арқылы өткізіледі.

Жазбаша сұрау жүргізу арқылы жиналысты ұйымдастыру үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасынан бастамашы топ айқындалады.

Осылайша, бастамашы топ пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кемінде он пайызынан тұрады.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің кемінде 10% - ы санындағы бастамашыл топ жиналысты өткізудің ұйымдастырушылық және рәсімдік мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы.

Жоғарыда баяндалғанды негізге ала отырып, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің кемінде 10% -ы бар бастамашыл топ жиналысты өткізудің ұйымдастыру және рәсімдік мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы.

Дата обновления - 02.06.2025
Справочная информация
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы
529