Сізге өте жоғары пайызбен ақша салу ұсынылды ма? Кепілдік берілген кіріске уәде берді ма және бұл жобаға таныстарды белсенді түрде тартуды сұрай ма?
Ұйым қаржы пирамидасы болуы ықтимал, сақ болыңыз! Қаржы пирамидасының ерекшелігі жедел әрі жеңіл ақша болып табылады.
Есте ұстаңыз: қаржы пирамидасы қаржы ұйымдарына жатпайды және реттеушінің жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиясына ие емес, тиісінше оның қызметін – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бақыламайды.
Қаржы пирамидасының негізгі белгілері:
Пирамида ғұмырының үш кезеңі:
Бірінші – қаржы пирамидасын құру. Әдетте, қатысушылар аздаған, сондай-ақ айтарлықтай көп сома енгізсе де ұйымдастырушылар бірінші қатысушыларға өз қаражатынан уәде етілген табысты төлейді.
Екінші – қаржы пирамидасын көпшілікке тарату. Құныққан салымшылар қатысушыларды, оның ішінде туыстары мен таныстарын бірінен соң бірін тарта бастайды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар әйгілі блогерлерді, жұлдыздарды тарту арқылы әлеуметтік желілерде агрессивті жарнаманы пайдаланады. Бірақ бұл кезеңде жаңа қатысушыларға сыйақы жеке қаражат есебінен емес, жаңадан тартылған адамдардың есебінен төленеді.
Үшінші – пирамиданың сөзсіз құлдырауы. Ол белгілі бір қатысушылар саны мен қомақты сома жиналған кезде орын алады. Оңай әрі жедел қол жеткізуге болатын пайдаға сеніп келген адамдар сыйақыдан да, өз ақшасынан да қағылады. Сондай-ақ, оларды қандай да бір жолмен қорғау мүмкіндігі болмайды, өйткені Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметі заңсыз әрі тыйым салынған, демек пирамида ұйымдастырушылары қол қойған құжаттардың ешқайсысы заңды күшке ие болмайды.
Қаржы пирамидасына әдетте, ерікті түрде әрі құқықтық қызмет көрсетусіз кіріп жатады. Демек, ешкім салынған қаражаттың қайтарылатынына ешқандай да кепілдік бермейді. Сондықтан да, егер сізді тезірек шартқа қол қойып, ақша салғызуға асықтырса, арандатушылыққа берілмеңіз.
Егер сізде қаржы пирамидасына тап болғаныңызға қатысты күдік пайда болса:
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында кепілдік берілген кірісті төлеуге (мүліктік пайда) уәде ететін, оның ішінде әрекеттеріне ҚНРДА-ға азаматтардың шағымдары келіп түскен азаматтардан және ұйымдардан ақшаны тарту жөнінде қызмет белгілері бар тұлғалардың тізімі жарияланды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында қаржы пирамидасы ретінде қызметі күдікті, сондай-ақ сот үкімі шығарылып қойған ұйымдардың кеңейтілген тізбесі жарияланды.
Қаржы пирамидаларының қызметіне тыйым салу 30-дан астам елде қарастырылған. Оның ішінде Австрия, Ұлыбритания, Франция, Канада, Италия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері.
Қазақстан мыналарды қамтамасыз етеді: