Алаяқтық әрекеттердің алдын алу жөніндегі жадынама

Инструкция

Қазіргі заманғы байланыс құралдары мен Интернет желісі қызметтер мен ақпаратқа қолжетімділікті айтарлықтай жеңілдетті. Алайда, сонымен қатар олар алаяқтық қылмыстар жасалатын негізгі ортаға айналды.

Алаяқтар психологиялық қысым көрсету әдістерін қолданады, өздерін банк қызметкерлері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері ретінде таныстырады, сондай-ақ алдауды инвестициялық жобалар ретінде жасырады.

Интернет-алаяқтықтың ең кең таралған түрлерінің бірі - өзін төмендегідей тұлғалар ретінде таныстыратын адамдардан келетін телефон қоңыраулары мен хабарламалар:

  1. Банк қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері.
  2. Полиция, ҰҚК, прокуратура қызметкерлері.
  3. Ұлттық банк өкілдері, ұялы байланыс операторлары немесе қаржы ұйымдарының қызметкерлері.

Интернетте сатып алу кезінде сатушының алаяқтық белгілері:

  • Ең жиі қолданылатын сылтаулар;
  • Картаңыз бойынша күмәнді операциялар анықталды;
  • Сіздің атыңызға несие рәсімдеуге әрекет жасалуда;
  • Қаражатыңыз қауіп-қатерде;
  • Сізге қатысты тексеру немесе тергеу жүргізілуде;

Білу маңызды:

Банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан:

  1. Банк картасының PIN-кодын;
  2. CVC/CVV-кодын;
  3. SMS арқылы келетін бір реттік кодтарды сұратпайды.

«Қауіпсіз» немесе «резервтік» шоттар деген ұғымдар жоқ;

          Әрекеттерді шұғыл орындауды талап ету және қоңырау туралы ешкімге айтпауға тыйым салу - алаяқтықтың айқын белгісі.

          Қалай әрекет ету керек:

  • әңгімені дереу тоқтату;
  • банкке немесе тиісті ұйымға ресми нөмірі арқылы өзіңіз хабарласу;
  • қоңырау шалған адамның нұсқауларын орындамау.

Интернет-алаяқтықтың құрбаны болмау үшін:

  • тауар немесе қызмет туралы сайтты мұқият зерттеп, пікірлерді қарап,

    бағаларды салыстыру;

  • сатушы немесе дүкен туралы барынша көп ақпарат алу;
  • банк карталарыңызға қатысты мәліметтерді ешкімге хабарламау.

Инвестиция және жылдам табыс түріндегі алаяқтық:

Инвестициялық қызмет, трейдинг, криптовалютаға, акцияларға немесе «пассивті табысқа» салым салу ретінде ұсынылатын алаяқтық схемалар ерекше қауіп төндіреді.

 

              Жалған инвестициялардың белгілері:

  • тәуекелсіз жоғары әрі кепілдендірілген табыс уәде ету;
  • «дәл қазір» ақша салуға белсенді түрде қысым көрсету;
  • жалған лицензиялар мен сертификаттарды көрсету;
  • танымал банктердің, қорлардың және халықаралық компаниялардың

    атауларын пайдалану;

  • қаражатты жеке тұлғалардың карталарына, электрондық әмияндарға

    немесе криптовалюта арқылы аударуды талап ету;

  • қосымшаларда немесе жеке кабинеттерде жалған пайда көрсетілуі.

    Кең таралған схемалар:      

  • мессенджерлердегі «жеке брокер» немесе «аналитик»;
  • үшінші тұлғалардың басқаруымен криптовалютаға инвестиция салу;
  • жабық инвестициялық клубтар;
  • «бұрын жоғалтқан қаражатыңызды қайтарып береміз» деген ұсыныстар (ақы талап ету арқылы).

Есте сақтаңыз:

          Заңды инвестициялық қызметті тек лицензиясы бар ұйымдар ғана жүзеге асырады. Лицензия мен ресми тіркеудің болмауы — алаяқтықтың тікелей белгісі.

          Интернеттегі сатып алу және сату кезінде келесі жағдайларда сақ болыңыз:

  • сізді төлем жасауға асықтырады;
  • карта деректерін немесе SMS-кодтарды сұрайды;
  • анонимді реквизиттерге алдын ала төлем талап етеді;
  • баға нарықтағыдан едәуір төмен ұсынылады.

Ұсыныстар:

  • сатушының пікірлерін және қызмет тарихын тексеріңіз;
  • банк карталарының деректерін бермеңіз;
  • тауарды өзіңіз барып алу немесе наложенный төлем тәсілін таңдаңыз.

Жалпы қауіпсіздік шаралары:

  • бейтаныс адамдарға жеке және банк деректерін хабарламаңыз;
  • кез келген ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз;
  • антивирустық бағдарламаларды қолданыңыз;
  • банк операцияларына лимиттер орнатыңыз;
  • алаяқтыққа күмән туындаған жағдайда картаны дереу бұғаттап, банкке хабарласыңыз.

          Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болып, бұл жағдайды операция немесе сатып алу жүргізілгеннен кейін анықтасаңыз, операция жасалған күні банк картасын дереу бұғаттап, банкке жүгініңіз. Алаяқтық фактісі расталған жағдайда ақшаны қайтару мәселесін шешу үшін және құқықтық шаралар қабылдау мақсатында шұғыл түрде полиция органдарына хабарласу қажет.

Дата обновления - 04.05.2026
Справочная информация
3