Қаржы пирамидасының негізгі белгілері

Инструкция

Қаржы пирамидаларының белгілері:

 - БАҚ-та, интернет-ресурстарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде жоғары кірістілікке, пассивті кіріске уәде берілген белсенді жарнама;

 - Компания клиенттерден жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтық бағадан жоғары бағамен сатып алуды ұсынады (үш айдан бастап бөліп төлеу немесе ең төменгі пайыздық мөлшерлеме бойынша) немесе клиенттерге жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алуды ұсынады (міндетті аванстық төлеммен);

 - Белгілі бір сомаға тауарды/қызметті сатып алу және қосымша бірнеше тұлғаны тарту (бұл ретте бөлшек сауда жоқ) міндетті шарт болып табылады;

 - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – ҚНРДА) лицензиясының/есептік тіркеуінің болмауы, мыналарды жүзеге асыруды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей:

  • банктік қызмет, оның ішінде депозиттер тарту, кредит беру, аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыру және т.б.;
  • бағалы қағаздар нарығындағы қызмет;
  • сақтандыру нарығындағы қызмет;
  • микрокредиттер беру жөніндегі қызмет;
  • коллекторлық қызмет. 

 - Ақшаны енгізу жеке тұлғаның карточкалық шотына немесе төлем ұйымдарының терминалдары арқылы электрондық әмиянға қолма қол ақшамен жүзеге асырылады;

 - Компанияның, жеке тұлғаның немесе қоғамдық жобаның нақты анықтамасы жоқ (бірегей қызмет туралы мәлімдеме);

 - Компанияның немесе жобаның қызметіне кейіннен қатысу үшін алдын ала (арнайы) жарналардың болуы;

 - Нарықтық көрсеткіштен едәуір жоғары жоғары кірістілік туралы жария  уәде беру;

 - Кірістілікке кепілдік беру (банк салымдарынан басқа қаржы нарығында тыйым салынған);

 - Атауында, белгілерінде, жарнамаларында сөздер мен сөз тіркестерін, танымал брендтердің брендбук элементтерін қолдану.

 - Компанияның, жеке тұлғаның немесе жария жобаның өз қызметін растай алмауы (тартылған қаражатты орналастыру бағыттары, оларды орналастыру туралы ақпарат). Көбінесе қаржы пирамидалары өз қызметін жоғары кірістілікпен байланысты салаларда жүргізеді деп мәлімдейді: мұнай өндіру, алтын өндіру, құрылыс, микроқаржылық қызмет, Forex нарығы, бағалы қағаздар нарығы.

Дата обновления - 29.04.2026
Справочная информация
5354