Қазақстанның аумағында балық аулау ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен Балық аулау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Егер жеке тұтыну үшін балық аулаумен айналысатын болсаңыз, онда белгілі бір рұқсат құжаттарын ресімдеуіңіз тиіс.
Бұл материалда Қазақстанның қандай өзендерінің аумағында әуесқойлық балық аулаумен айналысу үшін не керек екенін және қандай мерзімге балық аулауға тыйым салудың бар екенін әңгімелейміз.
Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жол берілмейді:
Барлық маусымда жалғасатын тыйымдар бар. Спорттық балық аулаумен және браконьерлікпен қайда айналысатыныңызды түсіну маңызды.
Сонымен, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен туындыларын пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленді.
Балық аулау төмендегі түрлерге бөлінеді:
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау – спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстар өткізу мақсатында, сондай-ақ аулау құралдарын жеке-дара ғана аулауға мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, ауланған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау – бір-бірлеп аулауға мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бекітіліп берілген және бекітіліп берілмеген (резервтік қорда) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінде өткізіледі
Резервтік қорда әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда 5 килограммға дейін ақысыз қандайда бір рұқсатсыз жүзеге асырылады. 5 килограммнан аса аулаған кезде аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінен рұқсатты жазбаша өтініш бойынша алуы қажет.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсат алу онлайн көрсетілетін қызмет арқылы ақылы жүзеге асырылады:
Онлайн-өтінім беру кезінде, төмендегілерді қоса беру қажет:
Өтінімдерді тіркеу ведомствомен немесе жергілікті атқарушы органмен келіп түскен сәтінен бастап 1 жұмыс күні ішінде порталда жүргізіледі (егер өтініш сағат сағат 18:00-ден кейін немесе сенбіде қабылданған жағдайда, онда өтініш білдіруші үшін мерзімді есептеу келесі жұмыс күнінде басталады).
Төлем мөлшерлемесі салық кодексімен белгіленген және еселі АЕК мөлшерінде жасалады.
Мысалға, спорттық-әуесқойлық (ректеациялық) балық аулауға (алып қоюмен) мөлшерлеме, төмендегілерді құрайды:
Өтінімді бергеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде рұқсат немесе дәлелденген бас тарту туралы жауап келеді.
Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулау жолдама негізінде жүзеге асырылады.
Жолдамаларды алу квотасы болған кезде балық шаруашылығы су айдыны бекітіліп берілген табиғат пайдаланушы ақылы негізде береді. Жолдаманың құнын табиғат пайдаланушының өзі айқындайды. Нарық және бәсекелестік жағдайында жолдамаларға баға белгілеу кезінде пайдаланушы тұтынушыға бағдарланады.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау кезінде төмендегілерді пайдалануға болады: