Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсатты қалай аласыз

Инструкция

Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсат алу онлайн көрсетілетін қызмет арқылы ақылы жүзеге асырылады:

{"id":17714,"source_id":3346,"title":"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар алу","service_code":"01204012","service_link":"https://egov.kz/cms/ru/services/approval_documents/pass293_msh"}

Онлайн-өтінім беру кезінде, төмендегілерді қоса беру қажет:

  • Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған, аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысушы адамдардың тізімінің электрондық көшірмесі;
  • ЭҮТШ арқылы төлем жағдайларын қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға төлем ақы туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі;

Өтінімдерді тіркеу ведомствомен немесе жергілікті атқарушы органмен келіп түскен сәтінен бастап 1 жұмыс күні ішінде порталда жүргізіледі (егер өтініш сағат сағат 18:00-ден кейін немесе сенбіде қабылданған жағдайда, онда өтініш білдіруші үшін мерзімді есептеу келесі жұмыс күнінде басталады).

Төлем мөлшерлемесі салық кодексімен белгіленген және еселі АЕК мөлшерінде жасалады.

Мысалға, спорттық-әуесқойлық (ректеациялық) балық аулауға (алып қоюмен) мөлшерлеме, төмендегілерді құрайды:

  • ірі частик балықтар - 0,017 (1 килограммға)
  • бекіре - 5,5 (1 килограммға)
  • ақ сақалар, ақ серкелер - 0,042 (1 килограммға)
  • ұсақ частик - 0,008 (1 килограммға)
  • шаян - 0,008 (бір дербеске).

Өтінімді бергеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде рұқсат немесе дәлелденген бас тарту туралы жауап келеді.

Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулау жолдама негізінде жүзеге асырылады.

Жолдамаларды алу квотасы болған кезде балық шаруашылығы су айдыны бекітіліп берілген табиғат пайдаланушы ақылы негізде береді. Жолдаманың құнын табиғат пайдаланушының өзі айқындайды. Нарық және бәсекелестік жағдайында жолдамаларға баға белгілеу кезінде пайдаланушы тұтынушыға бағдарланады.

Дата обновления - 27.12.2021
Справочная информация
Салық кодексіҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 "жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға рұқсат беру қағидалары" бұйрығы»
116