Әуесқойлық (спорттық) балық аулау қайда өткізіледі

Инструкция

Әуесқойлық (спорттық) балық аулау – бір-бірлеп аулауға мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бекітіліп берілген және бекітіліп берілмеген (резервтік қорда) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінде өткізіледі

Резервтік қорда әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда 5 килограммға дейін ақысыз қандайда бір рұқсатсыз жүзеге асырылады. 5 килограммнан аса аулаған кезде аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінен рұқсатты жазбаша өтініш бойынша алуы қажет.

 

Дата обновления - 27.12.2021
Справочная информация
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығы "жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидаларын бекіту туралы»ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығы "балық аулау қағидалары"»Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 413 бұйрығы
290