Балық шаруашылығының су айдындарында неге тыйым салынады

Инструкция

Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жол берілмейді:

  1. өсімдіктерді жоюға және балық ресурстары және басқа да су жануарлары мекендейтін ортаның жағдайларын нашарлататын өзге де іс-әрекеттерге;
  2. балықтардың көбеюі кезеңінде олар уылдырық шашатын белгіленген орындарда катерлердің, моторлы қайықтардың және басқа да жүзу құралдарының қозғалтқыштарын іске қосып жүзуге;
  3. ұшақтардың, тікұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар жаппай мекендейтін аумақтардың үстінен бір километрден төмен биіктікте ұшып өтуіне;
  4. балық ресурстары және басқа да су жануарларының мекендеу ортасын, сілтеме белгілерді, балық шаруашылығын жүргізуге арналған құрылысжайларды жоюға;
  5. балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінсіз алып қоюға;
  6. балық ресурстарын және басқа да су жануарларын белгіленген лимиттен артық және жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттарда немесе жолдамаларда көрсетілген мерзімдерден тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтарында олжалауға;
  7. балық ресурстарын және басқа да су жануарларын осы Қағидаларда көзделмеген оларды олжалау құралдарының, әдістерінің және тәсілдерінің түрлерін қолдана отырып олжалауға;
  8. жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолдана отырып балық ресурстарын және басқа да су жануарларын олжалауға;
  9. уәкілетті органның рұқсатынсыз балық ресурстарын және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге;
  10. балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердің, балық шаруашылығы учаскелерінің және балық аулауға тыйым салынған жерлердің шекараларын белгілейтін бағандарды, жүзбелі таным белгілерін және аншлагтарды жоюға немесе бүлдіруге;
  11. балықтарды қорғау құрылғыларынсыз, сондай-ақ «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18783 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін су жинау және ағызу құрылыстарын пайдалануға;
  12. елді мекендердің, балық қабылдау пункттерінің жанына бакендер орнату үшін аялдауды және аса қажет жағдайды қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған жерлерде су көлігінің тоқтауына;
  13. әр түрлі аулау құралдарының түрін бір балық шаруашылығы су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен басқаларына арнайы өңдеусіз алып баруға;
  14. жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз өзендерде жаңа балық шаруашылығы учаскелерін, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді), ағызу және жүзу жолдарын ашуға;
  15. су айдындарында немесе оған тікелей жақын жерде қолдану осы Қағидаларда көзделмеген балық аулау құралдарымен болуға;
  16. осы Қағидалардың 8-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, балықтарды ноқталарында сақтауға, жүзу құралдарынан және балық аулау құралдарынан шыққан өлі және ауру балықты суға және жағалау белдеуіне лақтырып тастауға;
  17. осы Қағидаларда белгіленген кәсіпшілік өлшемнен кем мөлшерде балық аулауға, қабылдауға, сатып алуға-сатуға, тасымалдауға және сақтауға;
  18. жеке және заңды тұлғаларға түрін көрсетпестен немесе «басқа» және «майда» деген атаумен тапсыруды және қабылдауды жүзеге асыруға;
  19. екі және одан да көп аумен (құлыптаудағы) сүзуді бір мезгілде жүргізуге, сондай-ақ алдыңғы ауды жағалауға толық лақтырғанға дейін ауды сүзуді бастауға;
  20. балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде аумақтық бөлімшемен келісусіз қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруіне;
  21. санитариялық күзет аймақтары мен акваториялар шегінде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатсыз және осы Қағидаларда көзделген құжаттарды ресімдеусіз жеке және заңды тұлғалардың балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сатып алуына және өткізуіне жол берілмейді.
Дата обновления - 27.12.2021
Справочная информация
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығы "балық аулау қағидалары"»
50