Қандай жағдайда балық аулауға тыйым салынады

Инструкция
  1. бөгеттердің, шлюздердің және көпірлердің жанында, көлдерді өзара және негізгі өзенмен жалғастыратын тармақтарда, мелиорациялық жүйелердің жеткізу арналары мен бұрмаларда, өзендер мен арналардың сағалары су айдынның құятын тұсынан екі жағындағы 500 метрдегі қашықтықта және су айдынының 500 метр ішкі қашықтықта, сондай-ақ өзен немесе арнаның ағысымен жоғарғы қарай 1500 метр қашықтықтағы аралығында;
  2. Балық аулау қағидаларында көзделмеген балық аулау құралдарымен;
  3. биологиялық негіздеменің негізінде уәкілетті орган белгілейтін мерзімдерде және орындарда қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде;
  4. Қазақстан Республикасының «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңымен белгіленген тәртіппен тіркелмеген және тіркеу нөмірлері көрсетілмеген жүзу құралдарымен;
  5. жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатқа сәйкес ұйымның атауы және балық аулау құралдарының өлшемдері көрсетiлген жапсырмалары жоқ кәсіпшілік балық аулаудың балық аулау құралдарымен;
  6. теңізде және өзендерде бекіре балықтарды аулауға арналған құрылған аулау құралдарымен;
  7. алкогольден немесе есірткіден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;
  8. осы Балық аулау қағидаларымен, шектеулермен және тыйымдармен жол берілмейтін тәсілдермен;
  9. аулау құралдары өзеннің немесе өзен тармағы енінің үштен екіден астамын қамтып;
  10. құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртіппен, вентерлер мен секреттерді өзендер мен бастаулардың, құятын каналдардың сағасынан 500 метр радиуста орнатумен;
  11. кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру кезінде бөгеттерден, шлюздер мен көпірлерден 500 метрден жақын қашықтықта;
  12. тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеменің негізінде уәкілетті орган белгілейтін орындарда және мерзімдерде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының көбеюі кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында;
  13. жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды, сондай-ақ атыс қаруын пайдаланумен;
  14. уәкілетті органның рұқсатынсыз тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолданумен балық аулауға жол берілмейді.
Дата обновления - 27.12.2021
Справочная информация
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығы "балық аулау қағидалары"»
69