Паспорт алу үшін мемлекеттік баж төлеуден кім босатылады?

Инструкция
  • Кеңес Одағының Батылары, Социалистік Еңбек Ерлері;
  • үш дәрежелі «Даңқ» орденімен және үш дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен марапатталған, «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Epi» атақтарына ие тұлғалар;
  • «Батыр Ана» атағына ие, «Алтын алқамен», «Күмiс алқамен» марапатталған көп балалы аналар;
  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғлар, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған тұлғалар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскерде болған) және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған тұлғалар, мүгедектер, сондай-ақ, бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі;
  • Қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, мемлекеттік балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан, балалар үйінде және (немесе) интернатта тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар.
Дата обновления - 07.02.2024
Справочная информация
586