Ұлттық дәстүр бойынша тегін, атын және әкесінің атын өзгертуге байланысты паспортты ауыстыру

Инструкция

Паспорт ҚР Ішкі істер министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО) КЕАҚ филиалдары арқылы беріледі.

Куәлікті ресімдеу үшін мемлекеттік баждың құны – 8 АЕК.

Ресімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні.

Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары және облыс орталықтары үшін:

1-санатты жеделдік - 3011,12 теңге

2-санатты жеделдік - 1581,14 теңге

Облыстардың аудандары мен қалалары үшін:

3-санат -  605,31 теңге

 

Ұлты қазақ тұлғалар мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде қалаған тегін, әкесінің атын көрсетумен ерікті түрдегі өтінішін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалына (ХҚКО) беріп, тегінің және әкесі атының жазуын өзгерту ниеті туралы өтінім бере алады. Бұл ретте, тегіндегі және әкесінің атындағы түбір негіздерді сақтаумен тегіндегі қазақ тіліне тән емес «-ов, -ова», «-ев, ева», «-ин, -ина» сияқты аффикстер алынып тасталады, сонымен бірге, әкесінің атын жазғанда әкесінің атына жазылған қазақ тіліне тән емес аффикстердің орнына әкесінің атына бірге қосылып тұлғаның жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» деген жалғаулар қосылады.

ХҚКО-да өзімен бірге мынадай құжаттар болуы қажет:

  • Аты-жөнін өзгерту туралы куәлік (бар болса));
  • Туу туралы куәлік;
  • Жеке куәлік;
  • Ауыстыруға жататын Паспорт;
  • Мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек (құны – 8 АЕК) немесе мемлекеттік бажды төлеуден босатылғанын растайтын құжат.

Уақытты үнемдеу үшін онлайн-режимде ХҚКО-да кезекті броньдауды ұсынамыз.

{"id":4305,"source_id":3134,"title":"ХҚКО-да кезекті броньдау","service_code":"SR.06","service_link":"https://egov.kz/services/SR.06/"}
Дата обновления - 07.02.2024
Справочная информация
«Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы № 2923 Жарлығы
1123