ҚР азаматының паспорты дегеніміз не?

Инструкция

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты көлемі 88х125мм, доғал бұрышты брошюра түрінде жасалған, ол мұқабадан, мұқабаға жапсырылған форзацтардан және 12 парақтан (24 беттен), 18 парақтан (36 беттен), 24 парақтан (48 беттен) тұрады. .

Паспорт түсі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен түстес. Оның ортасында алтын түсті фольгамен өрнектелген Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген. Сонымен бірге, мұқабасында «Republic of Kazakhstan» (қаз. Қазақстан Республикасы) және «Passport» (қаз. Паспорт) деген жазбалар қазақ және ағылшын тілдерінде бар.

Паспорт гражданина Республики Казахстан

Паспортта азамат туралы мынадай деректер қамтылған:

  1. тегі, аты;
  2. туған күні, айы мен жылы және жері;
  3. жынысы;
  4. ұлты;
  5. азаматтығы;
  6. фотосуреті;
  7. құжатты берген орган атауы;
  8. берілген күні, құжат нөмірі, қолданылу мерзімі;
  9. иесінің қолы.

Сонымен бірге, паспортқа мынадай жазбалар мен беліглер енгізіледі:

  • шет елдің визасы;
  • шекарадан өту туралы шекаралық бақылау-өткізу пунктінің белгісі.

Паспорт жасына қарамастан азаматтарға олардың қалауы бойынша 10 жылға жарамды мерзімге беріледі.

Дата обновления - 07.02.2024
Справочная информация
Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы ҚаулыЖеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заң
1289