16 жасқа толғанда паспортты қалай алуға болады?

Инструкция

Паспорт ҚР Ішкі істер министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО) КЕАҚ филиалдары арқылы беріледі.

Куәлікті ресімдеу үшін мемлекеттік баждың құны – 8 АЕК.

Ресімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні.

Паспорт беру 

көлемі 36 бет - 8 АЕК

көлемі 24 бет - 4 АЕК

16 жасқа дейінгі балаларға  24 беттен тұратын Қазақстан Республикасының паспорты беріледі, оның ішінде 12 жасқа дейінгі балаларға - 5 жыл мерзімге, 12 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға - 10 жыл мерзімге

көлемі 48 бет - 12 АЕК

Бұл ретте балаларға 36 және 48 беттік төлқұжаттарды беру алынып тасталды, бұл паспорттар 16 жастан бастап беріледі

Жеке куәліктің жыл ішінде екі реттен артық жоғалуына байланысты бергені үшін – 1 АЕК

Жеке куәлік - 0,2 АЕК 

Жеке куәлікке уақтылы жүгінбеген жағдайда айыппұл - 7 АЕК

Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін (ҚҚС-сыз бағасы):

Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары және облыс орталықтары үшін:

1-санатты жеделдік - 3011,12 теңге

2-санатты жеделдік - 1581,14 теңге

Облыстардың аудандары мен қалалары үшін:

3-санат -  605,31 теңге

 

16 жасқа толғанда паспорт алу үшін төмендегі құжаттармен «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ кез келген филиалына (ХҚКО-ға) жүгіну қажет:

  • жеке куәлік;
  • мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (құны – 8 АЕК) не мемлекеттік баж төлеуден босатуды растайтын құжат. 

Уақытты үнемдеу үшін онлайн-режимде ХҚКО-да кезекті брондауды ұсынамыз.

{"id":4305,"source_id":3134,"title":"ХҚКО-да кезекті брондау","service_code":"SR.06","service_link":"https://egov.kz/services/SR.06/"}
Дата обновления - 07.02.2024
Справочная информация
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ байланыс ақпараты
5044