Әуесқойлық аң аулау үшін рұқсатты қалай алуға болады
ЖүктеуКіріспе
Қазақстан Республикасында әуесқойлық (спорттық) аң аулау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген Аң аулау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Әуесқойлық аң аулаумен айналысу үшін аңшының жасына, заңнамада көзделген құжаттардың болуына, рұқсат етілген аң аулау құралдарына, сондай-ақ аң аулау мерзімдері мен орындарына қойылатын талаптарды сақтау қажет.
Бұл материалда аңшы куәлігін қалай алуға болатынын, қажетті рұқсат құжаттары мен жолдаманы қалай ресімдеу керектігін, сондай-ақ аң аулау кезінде қандай шектеулер қолданылатынын түсіндіреміз.
