Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты қалай алуға болады

Инструкция

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу онлайн-қызмет арқылы ақылы түрде жүзеге асырылады:

{"id":17714,"source_id":3346,"title":"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар алу","service_code":"01204012","service_link":"https://egov.kz/cms/ru/services/approval_documents/pass293_msh"}

Онлайн-өтінім беру кезінде келесі қжаттарды қоса беру қажет:

  • көрсетілетін қызметті алушы қол қойған аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға қатысатын тұлғалар тізімінің электрондық көшірмесі;
  • ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі;

Төлем мөлшерлемелері салық кодексінде белгіленген және 1 дарақ үшін АЕК еселенген мөлшерде құрайды.

Мысалы, әуесқойлық және спорттық аң аулау кезіндегі мөлшерлеме:

  • бұлан – (ұрғашы) – 16
  • марал (еркек) – 13
  • қабан (еркек) – 4
  • қоян (құмқоян, орқоян, ақ қоян) – 0,045
  • меңіреу құр – 0,15.

Қазақстан Республикасында аң аулауды жүргізу кезінде шетелдіктер үшін төлемақы сомасын есептеу кезінде белгіленген ставкаларға 10-ға тең коэффициент қолданылады.

Өтінім берілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап келеді.

Пайдалану түріне байланысты құжаттар тізбесіне қосымша төмендегілер ұсынылады:

  1. аң аулауға (алғашқы жүгінген кезде):
  • егер жануарлар дүниесі объектілерін алып қою шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда - аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға арналған шартының электрондық көшірмесі;

2. ғылыми-зерттеу үшін аулауға:

  • бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстарды жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі;
  • жануарлар дүниесі объектілерін алудың болжамды көлемін негіздейтін есептердің электрондық көшірмесі;
  • бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі (берілген рұқсаттар болса);

3. өсімін молайту мақсатында аулауға:

  • балық ресурстарын молықтыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;

4. жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болдырмау мақсатында пайдалануға:

  • бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және эпизоотиялық мониторингтен басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасынан үзіндінің электрондық көшірмесі;
  • эпизоотияны болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасындағы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингі үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ветеринариялық ұйымының жыл сайынғы жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі;
  • жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдардың (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеменің) электрондық көшірмесі;

5. жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:

  • жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдардың (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеменің) электрондық көшірмесі.
Дата обновления - 16.11.2023
Справочная информация
Салық кодексі 582-бап
345