Қандай жағдайларда жануарлар әлемімен қолданғанда төлем ақы алынбайды

Инструкция

Жануарлар әлемімен қолданғанда келесі жағдайларда төлем ақы алынбайды:

  • жануарларды табиғи ортадан алып қойған кезде таңбалау, сақиналау, қоныс аудару, жерсіндіру, жасанды өсіру және ғылыми-зерттеу мен шаруашылық мақсаттарда будандастыру мақсаттарында және оларды кейінінен табиғи ортаға жіберу үшін;
  • жасанды жолмен өсірілген және еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын жануарлар әлемі объектілерін пайдалану кезінде;
  • балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға биологиялық негіздеме мақсатында жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган балықтарды және басқа да су жануарларын бақылау аулауды жүзеге асырған кезде;
  • халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларының ауруларынан сақтандыру, қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алу, ауыл шаруашылығы қызметіне елеулі зиян келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алу кезінде.
Дата обновления - 20.11.2024
Справочная информация
Салық кодексі 582 б.
426