Аң аулауға кімнің құқығы бар

Инструкция

Азаматтардың аң аулауға төмендегі шарттар бойынша құқығы бар:

  • 21 жасқа толған, егер аңшылық атыс қаруын қолданыла отырып жүргізілетін болса,;
  • 14 жасқа толған, егер аң аулау басқа рұқсат етілген аулау құралдарын, аңшылық иттерді және аушы жыртқыш құстарды қолдана отырып жүргізілсе;
  • аңшы куәлігі болуы тиіс;
  • жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат немесе аңшылық шаруашылық субъектісінің жолдамасын алу.

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер үшін аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен аң аулауды ұйымдастыру және жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу шарты, сондай-ақ ішкі істер органдарының аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсаты негізінде туындайды.

Аңшылық келесі түрлерге бөлінеді:

  1. кәсіпшілік;
  2. әуесқойлық (спорттық), оның ішінде ұлттық аң аулау.

Кәсіпшілік аң аулау – кәсіпкерлік қызмет мақсатында аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау;

Әуесқойлық (спорттық) аң аулау – спорттық, эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында және олжаланған өнімді жеке пайдалану үшін  аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.

Ұлттық аң аулау – аушы жыртқыш құстар мен аңшы иттердің ұлттық тұқымдарын пайдалана отырып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін аулау.

Егер уәкілетті орган өзгеше белгілемесе, аң аулау бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жүргізіледі.

Әуесқойлық (спорттық) аң аулаумен айналысу үшін келесі құжаттар болуы қажет:

  • аңшы куәлігі;
  • аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат;
  • жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат немесе аң аулауға жолдама;
  • аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде - аушы жыртқыш құстың паспорты.
Дата обновления - 20.11.2024
Справочная информация
ҚР «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ЗаңыҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығы
1148