Бала асырап алушыларға материалдық көмек және төлемдер

Инструкция

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі №787 қаулысына сәйкес 2015 жылдан бастап асырап алушыларға жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем төленеді, ол 75 АЕК-ті құрайды.

Біржолғы ақшалай төлемді алу үшін бала асырап алушылардың бірі қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға сот шешімі шығарылған жерде бала асырап алу туралы мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. өтініш;
  2. заңды күшіне енген баланы асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
  3. бала асырап алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. Екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда асырап алушылардың бірінің атына дербес шот ашу туралы шарттың көшірмесі.

Жаңа туған нәрестені асырап алу кезінде сіз барлық тиісті төлемдермен декреттік демалысқа шыға аласыз.

Балаларға жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы анықтаманы ұсынумен расталады.

Адамдар жәрдемақылар тағайындау үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.

Жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру оны проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындаған кезде талап етілмейді.

{"id":21265,"source_id":3253,"title":"Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау","service_code":"00404009","service_link":"http://egov.kz/services/P65.06/","postavit_zaglushku":false}
Дата обновления - 03.05.2023
Справочная информация
Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының байланыстарыБалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы
732