Асырап алынған баланың аты, әкесінің аты және тегі мен ЖСН өзгерту

Инструкция

Кодекске сай асырап алынған балаға бала асырап алушының өтiнiшi бойынша бала асырап алушының тегi, сондай-ақ ол көрсеткен аты берiледi. Егер бала асырап алушы ер адам болса, асырап алынған баланың әкесiнiң аты - асырап алушының аты бойынша, ал баланы әйел асырап алған кезде, ол асырап алынған баланың әкесi ретiнде көрсеткен адамның аты бойынша айқындалады.

Егер бала 10 жасқа толса оның жеке деректері  (баланың аты, әкесінің аты және тегі) тек баланың рұқсатымен ғана болады.

Бала асырап алу құпиясын қамтамасыз ету үшiн бала асырап алушының өтiнiшi бойынша асырап алынған баланың туған күнi, айы, жылы алты айдан аспайтын мерзімге, сондай-ақ оның туған жерi өзгертiлуi мүмкiн.

Үш жасқа дейiнгi баланы асырап алған кезде ғана асырап алынған баланың туған күнiн, айын, жылын өзгертуге жол берiледi.

Асырап алынған баланың туған жерін өзгерту Қазақстан Республикасы аумағының шегінде ғана жүргізіледі және баланың жасына қарамастан асырап алушының қалауы бойынша жол беріледі. Асырап алынған баланың туған күнiнің, айының, жылының және (немесе) туған жерiнiң өзгеруі туралы оны асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi

Қазақстан Республикасының «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңына  сай  асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде бала асырап алу туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен шартты түрде алып тасталады. Сот шешімінің негізінде, туған күні өзгерген кезде, балаға жаңа ЖСН тағайындалады.

Бала асырап алу туралы сот шешіміне сәйкес тіркеуші органдар жаңа ЖСН қалыптастыра отырып, туу туралы акт жазбасын қалпына келтіреді не егер баланың дербес деректері өзгермесе, онда бастапқы акт жазбасына "ата-аналар туралы мәліметтер"бағанында ғана өзгерістер енгізіледі. Туу туралы актілік жазбаға өзгерістер бала асырап алу туралы сот шешіміне дәл сәйкес енгізіледі.

Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 25.11.2019 жылғы Қазақстан Республикасының Заңымен Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру шеңберінде кодекске өзгерістер енгізілді.

Осылайша, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің 7 түрінен екі түрі алынып тасталды: бала асырап алу және әке болуды анықтау.

Енді тіркеуші орган баланы асырап алу туралы сот шешімінің негізінде туу туралы актілік жазбаға өзгерістер енгізеді және баланың дербес деректері мен оның ата-анасы туралы деректерді қамтитын баланың туу туралы бір ғана куәлігі беріледі.

Осыған байланысты, Кодекстің 177-бабына сәйкес бала асырап алу оқиғалары мен фактілері тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбада тиісті өзгерістер, толықтырулар енгізу жолымен көрсетіледі.

Дата обновления - 23.05.2023
Справочная информация
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексіҚазақстан Республикасы «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңы
627