Қандай баланы асырап алуға рұқсат етіледі

Инструкция

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сай:

Жалғыз ата-анасы немесе екеуі де:

  • қайтыс болған;
  • баладан бас тартқан;
  • ата-ана құқықтарынан айрылған және олар қалпына келтірілмеген;
  • туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға келісім берген;
  • сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған;
  • белгісіз болған жағдайда, балалар асырап алуға жатады.

Тууы тиісті түрде тіркелген кәмелетке толмаған балаларды ғана асырап алуға болады.

Бұл ретте бала асырап алушы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене бітімі, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қамқорлық жасауға міндетті екенін ескеру керек.

Сонымен қатар, егер ата-ана баланы тастап кетсе, туыстары оны азаматтығына және тұрғылықты жеріне қарамастан асырап ала алады.

Түрлі отбасылар бірге туған бауырлас балаларды асырап ала алмайды. Бұл жағдайда, егер бала олардың қарым-қатынасы туралы білмесе, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген болса ғана  асырап алуға болады.

2017 жылы жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың Республикалық деректер банкі (бұдан әрі – Деректер банкі) құрылды.

Деректер банкі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбір бала туралы мәліметтерді және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді қамтиды. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру деректер банкі арқылы жүзеге асырылады.

Дата обновления - 03.05.2023
Справочная информация
Жетім балалардың Республикалық деректер банкіНеке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексіЖетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы
1083