Бүгінгі күні электрондық сауда елімізде үлкен қарқын алып келеді.
2020 жылғы пандемия кезінде тұрғындар арасында интернет арқылы сатып алу мәдениеті өткен жыдары e-commerce нарығының өсуіне де әсер етті. Бірақ шын мәнінде мұндай бизнесті құру оңай емес.
Бұл материалда біз интернет-дүкен құру қандай кезеңдерден тұратынын, оны тіркеу үшін және заңды сауда бастау үшін не істеу керек екенін қысқаша айтып береміз.
Заңды тұлғаны шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде онлайн режимінде тіркеуге болады. ЗТ тіркеуден басқа электрондық қызмет, банк шотын ашу және жұмыскерлерді міндетті сақтандыру шартын жасау мүмкіндігін қамтиды.
Бетке өткенде «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз:
1. Бірінші қадамда ұйымдық-құқықтық нысанды белгілеп сіздің компанияңыздың толық және қысқа атауы бар өрістерді үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толтыру қажет.
Бұдан әрі басшының ЖСН-ін, басшыны тағайындау туралы ЗТ уәкілетті органының шешімінің нөмірі мен күнін көрсетіңіз.
Құрылтайшылар туралы мәліметтерді көрсеткен кезде олардың ЖСН/БСН, аты-жөні/атауы бар жолдарды толтыру, сондай-ақ олардың салымының сомасы және оның жарғылық капиталдағы үлесі туралы ақпаратты ұсыну қажет. Содан кейін, ЗТ типтік жарғы бойынша әрекет етеді ма және ҚҚС төлеуші ретінде тіркеледі ма, соны белгілеу қажет болады.
Артынан, заңды мекен-жайын, байланыстарын және экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын және жұмыспен қамтылған адамдардың шамалап алынған санын көрсетіңіз.
Беттің соңында сіз осы өтінімнен бірден банкте шот ашқыңыз келе ме және сақтандыру шартын жасасқыңыз келетінін атап өтуге болады. Егер сіз оны оффлайнда өз бетінше жасауды жоспарласаңыз, онда тиісті тармақта белгі қоймаңыз.
2. Келесі қадамда барлық енгізілген ақпараттың қателерінің бар-жоғына мұқият қайта тексеру керек.
3. Егер бірінші бетте банк шотын онлайн ашқыңыз келсе, үшінші қадамда сізден осы рәсімді жүзеге асыру үшін барлық мәліметтер талап етіледі.
Тізімнен бір банкті таңдаңыз (Альфа-Банк, Қазақстан Халық Банкі, Fortebank немесе Jýsan Bank), оның филиалын және пайдаланылатын валютаны (теңге, доллар, евро) көрсетіңіз.
Шотты ашу үшін банктің толтырылған сауалнамасын қоса беріңіз, оның үлгісін ЕДБ таңдағаннан кейін бірден көшіріп алуға болады. Сауалнама міндетті құжат болып табылады.
Бұдан әрі сіз келесі тізімнен құжаттарды қоса бере аласыз, олар болған жағдайда:
Көрсетілген құжаттардың қоса берген жақсы болар, бірақ міндетті емес.
4. Келесі қадам сақтандыру шартын жасасуға өтінімді толтыруға арналған.
Сақтандыру компаниясын тізімнен таңдаңыз:
Жылдық еңбекақы қоры туралы ақпаратты қамтитын қызметкерлер туралы мәліметтермен сауалнаманы толтырыңыз және сіздің кәсіпорныңызда еңбекті қорғау тақырыбына сауалнамада белгі қойыңыз. Бір қызметкерге жылдық еңбекақы төлеу қоры кемінде 12 ЖТМ және кемінде 120 ЖТМ болуы тиіс.
Сақтандыру кезеңінің басталу күнін көрсетіңіз, компания жарғысымен қызметкерлердің тізімін бекітіп, сақтандыру шарттарымен келісетіні туралы тармақтарға белгі қойыңыз.
Осымен композиттік қызметтің өтінімін толтырудың кезеңі аяқталады, содан кейін құрылтайшылардан оны ЭЦҚ арқылы растау қажет болады. Осыдан кейін өтінімге өтініш берушінің өзі қол қояды және ол тіркеуші органға бекітуге жіберіледі.
Өтінімді өңдеуді күту мерзімі – 2 жұмыс күні. Сонымен қатар, заңды тұлғаны онлайн-тіркеу тегін, яғни мемлекеттік баж салығын төлеуді талап етпейді.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама жасау тәртібіне ауыстырылды, оған сәйкес жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркеу үшін мемлекеттік кіріс органына дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсынады.
Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны 2 тәсілмен жіберуге болады:
Бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы бірлескен дара кәсіпкерлік ретінде мемлекеттік тіркеу үшін Кәсіпкерлік кодекстің 36-бабының 1-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік кіріс органына немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарламаны, сондай-ақ бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан қол қойылған сенімхатты ұсынады.
Кәсіпкерлік кодексінің 36-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік кіріс органы қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бірлескен дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.
Егер өтініш беруші кәмелетке толмаған жағдайда, хабарламаға заңды өкілдердің келісімі, ал мұндай келісім болмаған кезде - неке қию туралы куәліктің көшірмесі не қорғаншы және қамқоршы органның шешімі немесе кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы соттың шешімі қоса беріледі.
Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
Мемлекеттік кіріс органы жеке тұлға көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.
Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының, Беларусь Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Армения Республикасының азаматтары жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыра алатынына назар аударамыз.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген адамдар дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама беруге құқылы емес.
Осылайша, қызметті бастау туралы хабарламаны ЖК ретінде берген кезде ЖСН тексеру жүргізіледі.
Электрондық сауда – тауарларды интернет-дүкен немесе интернет-алаң арқылы өткізу жөніндегі қызмет.
Негізгі кезеңдері:
Біз бизнес-жоспардың, бастапқы капиталдың болуы, сондай-ақ интернет-дүкеннің жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне әдейі тереңдемейміз, өйткені бұл өзінен-өзі белгілі талаптар және бизнестің табысы тікелей сауатты жоспарлау мен инвестиция көлеміне байланысты.
Адамдарды шын мәнінде қызықтыратын тауарларды таңдап, өз орнын таба білу, сондай – ақ логистиканы құру – бұл терең талдау мен дайындықты талап ететін күрделі міндеттер.
Онлайн сауда кезінде келесі шарттар бір мезгілде сақталуы тиіс екенін ескеру маңызды:
Сіз ЖК немесе ЗТ ретінде тіркелгеннен кейін, сіз орналасқан жеріңіз бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы хабарлауыңыз қажет.
Мұны электрондық лицензиялау порталының онлайн-қызметі арқылы тегін жасауға болады
Сатушы (дайындаушы) тиісті сападағы азық-түлік емес тауарды, егер ол пайдалануда болмаса, оның тауарлық түрі, тұтыну қасиеттері, пломбалары, жапсырмалар, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауарды сатып алған күннен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті, бұл ереже төмендегілерді қамтымайды:
Сондай-ақ, сіз сатушы ретінде:
Тұтынушылар келесіге құқылы:
Егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алушы оған тиісті сападағы азық-түлік емес тауар берілген кезден бастап 14 күн ішінде сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) жариялаған өзге де орындарда, бағада айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырысуды жүргізе отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, фасондағы, түсті, жиынтықтаудағы және сол сияқты ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы.
Сатушыда (дайындаушыда) айырбастау үшін қажетті тауар болмаған кезде сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға (дайындаушыға) қайтаруға және ол үшін төленген ақша сомасын алуға құқылы.
Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған болса немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмесе, онда тауарды айырбастау немесе қайтару, егер тұтынушы осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, жүргізілуі тиіс.
Сапасы лайықсыз тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы оның кемшіліктерін айтпаса, заңнамада белгіленген мерзімде өз таңдауы бойынша өз таңдауы бойынша:
Сапасы лайықсыз тауарды сатушы оны дайындаушы болып табылмайтын жағдайда 2), 4) және 5) тармақшаларда көрсетілген талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкін.;
Келтірілген шығындарды өтеу құқығы тұтынушы таңдаған талаптарына қарамастан қалады.