ЖК қалай тіркеуге болады

Инструкция

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама жасау тәртібіне ауыстырылды, оған сәйкес жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркеу үшін мемлекеттік кіріс органына дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсынады.

Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны 2 тәсілмен жіберуге болады:

  •  электрондық-Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау e-license порталы арқылы;
  • екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы хабарлама беруге болады, бұл ретте ЖК тіркеу сервисі e-license мемлекеттік ақпараттық жүйесі (ЕЛ МДҚ) арқылы жүзеге асырылады.

Бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы бірлескен дара кәсіпкерлік ретінде мемлекеттік тіркеу үшін Кәсіпкерлік кодекстің 36-бабының 1-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік кіріс органына немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарламаны, сондай-ақ бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан қол қойылған сенімхатты ұсынады.

Кәсіпкерлік кодексінің 36-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік кіріс органы қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бірлескен дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.

Егер өтініш беруші кәмелетке толмаған жағдайда, хабарламаға заңды өкілдердің келісімі, ал мұндай келісім болмаған кезде - неке қию  туралы куәліктің көшірмесі не қорғаншы және қамқоршы органның шешімі немесе кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы соттың шешімі қоса беріледі.


Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

Мемлекеттік кіріс органы жеке тұлға көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.

Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының, Беларусь Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Армения Республикасының азаматтары жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыра алатынына назар аударамыз.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген адамдар дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама беруге құқылы емес.


Осылайша, қызметті бастау туралы хабарламаны ЖК ретінде берген кезде ЖСН тексеру жүргізіледі.

 

{"id":17349,"source_id":3886,"title":"Жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы хабарлама","service_link":"http://idp.egov.kz/idp/r?ts=ELICENSE&url=https%3A%2F%2Felicense.kz%2FLicensingContent%2FServicesList%3Fscode%3D2016.%25D0%259C%25D0%25A4.%25D0%25A33"}
Дата обновления - 29.05.2024
Справочная информация
Электрондық лицензиялау порталы
994