Электрондық саудамен айналысу шарттары, талаптары және кезеңдері

Инструкция

Электрондық сауда – тауарларды интернет-дүкен немесе интернет-алаң арқылы өткізу жөніндегі қызмет.

Негізгі кезеңдері:

  1. Бизнес-жоспар жасаңыз;
  2. Инвестиция тартыңыз, бастапқы капиталды табыңыз;
  3. Веб-дүкен үшін сайтты жасаңыз. Оған өзңіз қоятын талаптарды жазыңыз, үлгі аналогтарды таңдап, бейінді веб-студиялардың қызметтерінің құнын алдын ала зерттеп, өз бюджетіңізбен салыстыра отырып, оларға жолығыңыз;
  4. Жеке кәсіпкер (ЖК) немесе заңды тұлға ретінде тіркеліңіз;
  5. Электрондық сауда саласындағы қызметтің басталғаны туралы салық органын хабардар етіңіз;
  6. Логистиканы ойластырыңыз, яғни тауарларды сатып алу, оларды сақтау және жеткізу;
  7. Адамдарды жалдаңыз және олардың жұмысын ұйымдастырыңыз;
  8. Интернет-дүкенді алға бастыру бойынша іс-шараларды өткізіңіз (онлайн және офлайн);
  9. Әрқашан тұтынушылардың құқықтарын және сатушы ретіндегі өзіңізідің міндеттемелеріңізді есте сақтаңыз.

Біз бизнес-жоспардың, бастапқы капиталдың болуы, сондай-ақ интернет-дүкеннің жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне әдейі тереңдемейміз, өйткені бұл өзінен-өзі белгілі талаптар және бизнестің табысы тікелей сауатты жоспарлау мен инвестиция көлеміне байланысты.

Адамдарды шын мәнінде қызықтыратын тауарларды таңдап, өз орнын таба білу, сондай – ақ логистиканы құру – бұл терең талдау мен дайындықты талап ететін күрделі міндеттер.

Онлайн сауда кезінде келесі шарттар бір мезгілде сақталуы тиіс екенін ескеру маңызды:

  • тауарлар жеке тұлғаларға сатылады;
  • мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүргізіледі;
  • төлем нысаны қолма-қол жасалмайтын болуы керек;
  • тауарларды жеткізу қызметінің жеке немесе жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді, курьерлік және (немесе) почта қызметін жүзеге асыратын тұлғалармен шарт бойынша болуы.
Дата обновления - 29.05.2023
Справочная информация
437