Тұтынушылардың (сатып алушылардың) құқықтары

Инструкция

Тұтынушылар келесіге құқылы:

  1. тауарларды сатып алуға (жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге) шарттарды еркін жасасу;
  2. тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ағарту;
  3. тауар (жұмыс, қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алу;
  4. қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу;
  5. тауарды (жұмысты, қызметті) еркін таңдау;
  6. тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасы;
  7. тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;
  8. тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалдарды (зиянды) толық көлемде өтеу;
  9. сатушыдан, орындаушыдан, дайындаушыдан тауарды сатып алу, жұмысты орындау, қызмет көрсету фактісін растайтын құжатты алуға;
  10. ұтыс түрінде берілген, орындалған, көрсетілген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің сапасы бойынша ойындардың бастамашысына, ұйымдастырушысына кінә қоюға;
  11. тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;
  12. моральдық зиянды өтетуге;
  13. құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;
  14. осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

Егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алушы оған тиісті сападағы азық-түлік емес тауар берілген кезден бастап 14 күн ішінде сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) жариялаған өзге де орындарда, бағада айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырысуды жүргізе отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, фасондағы, түсті, жиынтықтаудағы және сол сияқты ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы.

Сатушыда (дайындаушыда) айырбастау үшін қажетті тауар болмаған кезде сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға (дайындаушыға) қайтаруға және ол үшін төленген ақша сомасын алуға құқылы.

Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған болса немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмесе, онда тауарды айырбастау немесе қайтару, егер тұтынушы осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, жүргізілуі тиіс.

Сапасы лайықсыз тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы оның кемшіліктерін айтпаса, заңнамада белгіленген мерзімде өз таңдауы бойынша өз таңдауы бойынша:

  1. сатып алу бағасын мөлшерлес азайту;
  2. тауардың кемшіліктерін өтеусіз жою;
  3. тауардың кемшіліктерін жоюға арналған өз шығыстарын өтеу;
  4. ұқсас маркадағы тауарға (модельге, артикулға) ауыстыру);
  5. сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа марканы (модельді, артикулды) осындай тауарға ауыстыру;
  6. шартты бұзу және тауар үшін төленген ақша сомасын қайтару.

Сапасы лайықсыз тауарды сатушы оны дайындаушы болып табылмайтын жағдайда 2), 4) және 5) тармақшаларда көрсетілген талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкін.;

Келтірілген шығындарды өтеу құқығы тұтынушы таңдаған талаптарына қарамастан қалады.

Дата обновления - 12.06.2024
Справочная информация
ҚР 2010 жылғы 4 мамырдағы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңы
1565