Тұрғын үйді ипотекаға сатып алу

Инструкция

Ипотека – бұл жылжымайтын мүлікті кепілге берген кездегі несие. Ипотека арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлік оны сатып алынған сәттен заемшының меншігіне айналады. Ипотекалық несие тұрғын үй бағасының белгілі бір бөлігіне берілед. Пәтер бағасының қалған бөлігін заемшымен (Сатып алушы) оның өз қаражат есебінен төленуі міндетті. Бұл бастапқы жарна деп аталады.

Ипотеканы рәсімдеу жөніндегі қадамдар

  1. Бірінші кезекте өз мүмкіншіліктеріңіз бен қажеттіліктеріңізді шынайы бағалаңыз, себебі, көбісі сіздің төлем қабілеттілігіңізге, яғни ай сайын ипотекалық несиені жабуға төлейтін жалақыңызға байланысты. Сонымен қатар, ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна ретінде төленентін өзіңіздің жинақтауларыңызға байланысты.
  2. Банкті таңдау. Банктер мен ипотекалық бағдарламалардың сан алуан түрлігінен сізге барлық жағынан да жарасатын несиелік бағдарламаны таңдау қажет. Осындай жағдайда сіз банк қызметкеріне немесе өз бетіңізше баруыңызға болады. Ипотекалық несиелер/қарыздар бойынша ақпаратпен банктер сайттарында немесе мамандандырылған ақпараттық ресурстарда танысуға болады.
  3. Несие сомасын, пайыздық мөлшерлемесін және несие беру мерзімін анықтау қажет. Ипотеканы рәсімдеген кезде несиені беріп қызмет еткені үшін қосымша шығындар кететінін естен шығармаңыз. Әртүрлі банктерде несиелерді берудің әртүрлі талаптары болуы мүмкін. Бастапқыдан, қандай соманы бірден төлейтіңізді, қандай қосымша шығындарды несиелік кезеңде беретіңізді, қандай несиені және басқаларды өтеу талаптары бар екендігін алдын ала анықтауыңыз жөн. Өз бетінше мүмкіншіліктеріңізді бағалау үшін түрлі банктердің сайттарында ұсынылған ипотекалық калькуляторды қолданып, ай сайынғы төлемдерді есептеп алуыңызға болады.

Әдетте, ипотекалық несиенің алу үшін келесі стандартты құжаттар жиынтығы кіреді:

{"id":17,"name":"Өтініш берушінің, Кепіл берушінің, (Қосымша заемшы (лар) Гаранттің) жеке куәліктің көшірмесі және түп нұсқасы"}
{"id":52,"name":"Неке қиылғандығы немесе бұзылуы туралы куәлік"}
{"id":53,"name":"Жалақы туралы анықтама"}
{"id":54,"name":"БЖЗҚ үзінді-көшірме"}
{"id":55,"name":"Өтеу кестесімен банктік қарыз шарты"}
 
{"id":4337,"source_id":3549,"title":"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру","service_code":"P80.01","service_link":"http://egov.kz/services/P80.01/#/declaration/0//"}

Қажет болған жағдайда банк қосымша құжаттарды сұрай алады.

Банкпен ипотекалық несиену беру туралы шешім бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін. Содан кейін, өтінішті қарау және жағымды шешімді шығару үшін банктік несиелік шартты ақтық қол қою үшін тұрғын үйдің бағалауын өткізеді. Соның ішінде, міндетті жылжымайтын мүлікті сақтандыру келісім шартына қол қою. Ол бойынша шығындарды заемшы көтереді. Бұның барлығы ипотекалық несиені рәсімдеудің міндетті шаралары.

Ипотекалық шарт негізінде кепілді тіркеу

Банкте жылжымайтын мүлік кепіл шартына қол қойылғаннан кейін меншік иесі ХҚО-ға жүгінеді.

Электрондық кезек тәртібінде құжаттарды қызметкерге тапсыру үшін операциялық залға өтеді.

Қызметкер тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, атап айтқанда кепіл шарты – 2 дана, мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растайтын құжат, өкіл болған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

Нәтижесі: тіркеуші органның кепіл шартында кепілді тіркеу жүргізілгені туралы белгі (мөртабан) қоюы; мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру кезінде бас тарту немесе тіркеуді тоқтата тұру себептерін көрсете отырып хабарлама жолдау.

Дата обновления - 23.05.2023
Справочная информация
1421