ұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесін рәсімдеу: нотариустың қатысуынсыз

Инструкция

Сатушы және сатып алушы (мәмілеге қатысушылар) сатып алу-сату шартын жасағаннан кейін жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жер бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалының Халыққа қызмет көрсету бөліміне (ХҚКО) жүгінеді.

Мәмілеге қатысушылар электрондық кезек тәртібімен мәмілені жасаған адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қолының төлнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеру үшін операциялық залға өтеді.

Мәміле тараптары қолдарының түпнұсқалығын тексеру рәсімінің аяқталғанын растау шарттар даналарына ХҚКО жауапты қызметкерінің белгісі мен қолын қою болып табылады.

Кейін ХҚКО қызметкері Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге белгіленген үлгідегі өтінішті қабылдауды жүзеге асырады.

Мәміле тараптары өтінішті толтырады. Сатып алушы тіркеу үшін ақы төлейді.

Қызметкер жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге өтінішті қабылдау кезінде сәйкестендіру үшін өтініш берушінің(-лердің) жеке басын куәландыратын құжатты, оны(-лерді) мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен бірге талап етеді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады, сондай-ақ мынадай құжаттарды талап етеді:

1) сатып алу-сату шарты;

2) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (жер учаскесі болған кезде);

3)үлестік меншіктің барлық қатысушыларының келісімі (нотариат куәландырған өтініш);;

4)жұбайының нотариат куәландырған келісімі (егер ерлі-зайыптылардың екеуі де мәмілеге қатысушылар болса, онда нотариат куәландырған келісім талап етілмейді);

5) неке қатынастары болмаған жағдайда иеліктен шығарылатын және сатып алынатын мүліктің меншік иесі некеде тұрмайтындығы туралы өз қолымен жазылған өтініш;;

6) егер жылжымайтын мүліктің иесі кәмелетке толмаған немесе әрекет қабілеті шектеулі адам болып табылса, қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі адамдардың жазбаша келісімі;

7) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төлемді растайтын құжат.

Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынады.

Егер сатып алынатын немесе сатылатын активтердің баланстық құны Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кетсе, онда жеке және заңды тұлғалар жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады.

Құқықтарды тіркеу үшін ақы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 418 бұйрығымен бекітілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар Прейскурантына сәйкес алынады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тіркеуші органның шартта құқықтарды тіркегені туралы белгі беруі не жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жіберуі болып табылады.

Дата обновления - 09.12.2024
Справочная информация
2197