БҚДА САУДА ОРЫНДАРЫН ЖАЛҒА БЕРУ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫН ЖОЙДЫ

БҚДА САУДА ОРЫНДАРЫН ЖАЛҒА БЕРУ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫН ЖОЙДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз қаласы аумағында азық-түлік тауарларын өткізуге арналған сауда орындарын жалға беру нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдауды аяқтады.

Талдау барысында үстем жағдайға ие «ОРЦ Тараз» ЖШС шарттары салыстырмалы болған кезде бір типтегі және бірдей алаңдағы сауда орындарына әртүрлі мөлшерде жалдау ақысын қолданғаны анықталды.

Талдау нәтижелері негізінде және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабына сәйкес Департамент «ОРЦ Тараз» ЖШС-не бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамада анықталған бұзушылықтарды тоқтату және жою қажеттілігі туралы хабарлама жолдады.

Бүгінгі таңда хабарлама толық көлемде орындалды. «ОРЦ Тараз» ЖШС анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған тиісті шараларды қабылдады. ЖШС жалға алушыларға жеңілдіктер жүйесін кемсітусіз қолдануды көздейтін баға саясатын әзірледі. Аталған талаптар жалға берудің үлгілік шарттары мен баға прейскуранттарына енгізілді.