ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ НҰСҚАМАСЫН ОРЫНДАДЫ

Қызылорда облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті мемлекеттік ұйымдар мен мемлекет қатысатын ұйымдардың қызметіне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.
Мониторинг барысында «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Мүлкаман Қалауов атындағы Қызылорда қаласының өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық ұйымының жарғысына монополияға қарсы органның алдын ала келісімінсіз бірқатар қызмет түрлері енгізілгені анықталды.
Осыған байланысты Департамент Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.
Белгіленген мерзімде нұсқама толық орындалып, ұйымның қызметі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендірілді.
Нәтижесінде, аталған ұйымның құрылтайшысы – Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы Департаменттің нұсқамасын толық орындады.