ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗЫЛУЫ АНЫҚТАЛДЫ

ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗЫЛУЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтады. Тергеп-тексеру барысында монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтары анықталды.

Атап айтқанда, Әкімдік пен бастапқыда «ЦРУ «Феникс» ЖШС, кейіннен «Темирлан ARS» ЖШС арасында зиратты ұйымдастыру (ритуалдық қызметтер көрсету) мақсатында 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен шарт жасалғаны анықталды. Аталған ЖШС зират инфрақұрылымына өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілердің қол жеткізу тәртібін және олардың тиісті нарықтағы қызметін жүзеге асыру шарттарын іс жүзінде айқындау мүмкіндігіне ие болған.

Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Департамент бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға алып келген не алып келуі мүмкін бәсекелестікке қарсы әрекеттер бөлігінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзушылықтарын тоқтату туралы нұсқама енгізді. Қазіргі уақытта нұсқама толық орындалды, жалдау шартына тиісті өзгерістер енгізілді.