ҚР БҚДА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ 2026 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ АЛТЫ АЙЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

2026 жылдың алғашқы алты айында Департамент Павлодар облысының тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне 9 талдау жүргізді. Қантты, АИ-92 маркалы бензинді, дизель отынын, коммуналдық-тұрмыстық көмірді көтерме өткізу, қатты тұрмыстық қалдықтарды көму, кинопрокат, азық-түлік нарықтарында (базарларда) сауда орындарын ұсыну, сондай-ақ паром өткелі қызметтері нарықтары зерделенді.
Талдау жүргізу нарықтардың даму деңгейін бағалауға, қолданыстағы кедергілерді анықтауға, сондай-ақ нарық субъектілері тарапынан үстем жағдайды теріс пайдалану, бәсекелестікке қарсы әрекеттер және жосықсыз бәсекелестік белгілерін анықтауға мүмкіндік береді.
Есепті кезеңде Департамент нарық субъектілерінің әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзу белгілерінің болуы туралы 3 хабарлама шығарды.
Мәселен, қантты көтерме өткізу және қатты тұрмыстық қалдықтарды көму қызметтері нарықтарына жүргізілген талдау нәтижесінде үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің тұтынушылармен мәні бірдей келісімдерге объективті негіздерсіз әртүрлі талаптар қолданғаны анықталды. Аталған әрекеттер тұтынушылардың заңды құқықтарын шектеп, жекелеген нарық субъектілеріне, оның ішінде жаңа субъектілерге қатысты артықшылықты жағдай туғызған.
Осыған байланысты Департамент барлық тұтынушылар үшін тең бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз етуді және жекелеген тұтынушыларға негізсіз артықшылықтар беруге жол бермеуді талап етті.
Бүгінгі таңда Департаменттің барлық хабарламалары белгіленген мерзімде және толық көлемде орындалды. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзу белгілері жойылып, шарт талаптары қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.
Сонымен қатар Департамент мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында монополияға қарсы органның келісімі алынбаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілері анықталды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1095 қаулысы).
Мониторинг нәтижелері бойынша квазимемлекеттік сектор ұйымдары үшін көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруды тоқтату туралы талаппен 15 нұсқама шығарылды.
Мысалы, «Ақтоғай-Су» ККК-нің Жарғысынан «ұстау, пайдалану, жөндеу және реконструкциялау», «халықты сумен жабдықтау жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды шығару», «жер қазу-тиеу жұмыстарын орындау» сияқты қызмет түрлері алып тасталды.
Бұдан бөлек, есепті кезеңде Департамент нарық субъектілерінің биржалық сауда тәртібін сақтамауының 34 фактісін анықтады. ҚР ӘҚБтК-нің 268-бабына сәйкес биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады және 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды көздейді.
Картоп пен цемент сияқты биржалық тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу фактілері бойынша әкімшілік өндірістер қозғалды. Нарық субъектілері жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен бірге Департамент Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Мәселен, есепті кезеңде Департамент лифті компанияларына лифтілерге техникалық қызмет көрсету құнының өсуіне байланысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзуға жол бермеу туралы 3 алдын ала ескерту жолдады.
Есепті кезеңде азаматтар мен заңды тұлғалардың 80-нен астам өтініші қаралды. Олардың әрқайсысы егжей-тегжейлі зерделенді. Қорытындысында Департамент нарыққа қатысушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және барлық субъектілер үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады.
Жалпы, Департаменттің қызметі нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге, бәсекелестікті қорғауға және кәсіпкерлік үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.