ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗЫЛУЫ ЖОЙЫЛДЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗЫЛУЫ ЖОЙЫЛДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Ақсу қаласының шекарасындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму қызметтері нарығына жүргізілген талдау барысында «Ақсу-Полигон» ЖШС тарапынан контрагенттермен жасалған мәні бірдей келісімдерге объективті негіздерсіз әртүрлі бағалар қолдану фактілерін анықтады.

Талдау қорытындысы бойынша «Ақсу-Полигон» ЖШС Ақсу қаласының шекарасындағы аталған нарықта 100% үлеспен монополиялық жағдайға ие екені анықталды.

Атап айтқанда, нарық субъектісі мәні бірдей шарттар бойынша әртүрлі бағаларды (тарифтерді) қолданған.

Осыған байланысты нарық субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаппен хабарлама жолданды.

Хабарламаны орындау нәтижесінде контрагенттер үшін нарықта тең жағдайларды көздейтін қосымша келісімдер жасалды.