ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ЖОЛДАНДЫ

ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ЖОЛДАНДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Шымкент қаласының энергетика басқармасы» ММ-нің әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының 2-тармағын бұзу белгілері бойынша жүргізілген тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеп-тексеру барысында «KGT Group» ЖШС-нің 2 950,9 тонна көлеміндегі әлеуметтік сұйытылған мұнай газын алу үшін Басқармаға анық еместік белгілері бар құжаттарды ұсынғаны анықталды.

Соған қарамастан, Басқарма тарапынан «KGT Group» ЖШС-не
1 548 тонна көлемінде әлеуметтік сұйытылған мұнай газы негізсіз бөлінген.

Осыған байланысты Департамент Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 224-бабына сәйкес нарық субъектісінің анық еместік белгілері бар құжаттар негізінде сұйытылған мұнай газын артық алу белгілерін анықтады.

Тергеп-тексеру материалдары тиісті процестік шешім қабылдау және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу мәселесін қарау үшін Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.