БҚДА ЖӘНЕ ЕҚДБ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЛДІК ДИАГНОСТИКАСЫ АЯСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Қазақстанның елдік диагностикасын дайындау жөніндегі миссия шеңберінде Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасында Бәсекелестік саясатты жетілдірудің және нарықтық ортаны дамытудың негізгі бағыттары талқыланды. Агенттіктің бәсекелестікті дамыту саласындағы басымдықтарына, мемлекеттің экономикаға қатысуы және оның жеке секторға ықпалы мәселелеріне, сондай-ақ жекелеген салалардағы бәсекелестіктің қолданыстағы шектеулеріне ерекше назар аударылды.
Агенттіктің бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаментінің директоры А.Искаков бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі тұжырымдаманың жобасын әзірлеу барысы, сондай-ақ оны қалыптастыруға салалық көзқарас туралы баяндады.
Агенттік экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту және бәсекелестік ортаны дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Бұл жұмыс Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында іске асырылады және мемлекеттің бәсекелестік нарықтарға қатысуын азайтуға, кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар жасауға және жеке инвестициялар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.
Жекешелендіру жөніндегі Ұлттық кеңсенің қызметі қаралды, оның шеңберінде бәсекелестік ортаға беруге жататын активтерді анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттің артық қатысуын дәйекті түрде қысқарту экономиканың тиімділігін арттырудың, инвестициялар тартудың және орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің маңызды шарты.
Тараптар сондай-ақ нарықтардың жұмыс істеуі, мемлекеттің қатысуының инвестициялық белсенділік пен бәсекелестік ортаға әсері, сондай-ақ нарықтық тетіктердің тиімділігін арттыру жөніндегі ықтимал шаралар мәселелерін талқылады.
ЕҚДБ өкілдері елдік диагностика кәсіпкерлік пен жеке секторды дамытудағы негізгі кедергілерді анықтау үшін маңызды талдау құралы екенін ерекше атады. Зерттеу нәтижелері Банктің стратегиялық басымдықтарын айқындау және Қазақстан экономикасын одан әрі дамыту жөніндегі ұсынымдарды қалыптастыру кезінде пайдаланылатын болады.
Тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және бәсекелестік саясатты жетілдіру және нарықтық институттарды нығайту мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін растады.
