АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА БҚДА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АРАЛАСУЫНАН КЕЙІН СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН БӨЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА БҚДА ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АРАЛАСУЫНАН КЕЙІН СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН БӨЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссияны қалыптастыру кезінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Бұзушылықтар сұйытылған мұнай газын бөлу кезінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жергілікті атқарушы органдар қызметіне жүргізілген талдау барысында анықталды.

Талдау нәтижесінде комиссия құрамына сұйытылған мұнай газын өткізумен айналысатын нарық субъектілерінің мүдделерін тікелей немесе жанама түрде білдіретін тұлғалардың енгізілгені анықталды. Сонымен қатар, комиссия құрамы ұзақ уақыт бойы қайта қаралмаған және өзектендірілмеген.

Процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және нарық қатысушылары үшін тең жағдай жасау мақсатында Департамент Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің атына бәсекелестікті дамытуға бағытталған шараларды қабылдау туралы нұсқама енгізді.

Нұсқаманы қарау қорытындысы бойынша Атырау облысы әкімдігінің «Тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссияны құру туралы» қаулысы жаңа редакцияда қабылданды. Комиссия құрамы жаңартылды.

Департаменттің нұсқамасы толық көлемде орындалды.