БҚО-ДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗУ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әрекеттерінен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерін анықтады.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген мониторинг барысында Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды орталықтандырылған жинау және тасымалдау қызметтерін жүзеге асыратын ұйымды айқындау бойынша конкурс (тендер) осы уақытқа дейін ұйымдастырылмағаны белгілі болды.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдар аталған қызметтерді көрсететін нарық субъектілерін айқындау үшін конкурс (тендер) өткізуді ұйымдастыруға міндетті.
Сонымен қатар, ресми статистика деректеріне сәйкес Батыс Қазақстан облысының аумағында қауіпті емес қалдықтарды жинау қызметін жүзеге асыратын 40-тан астам субъект тіркелген, бұл аталған нарықта бәсекелестік ортаның бар екенін көрсетеді.
Осыған байланысты Департамент Жәнібек ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атына Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабына сәйкес монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолдады.
Бүгінгі күні хабарлама толық көлемде орындалып, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қажетті шаралар қабылданды.