ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ҮСТЕМ ЖАҒДАЙДЫ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУ ФАКТІЛЕРІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕДІ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті қантты көтерме саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау барысында «Калашников» ЖК және «Иврема» ЖК тарапынан үстем жағдайды теріс пайдалану фактілерін анықтады.
Аталған нарық субъектілері Павлодар облысындағы қантты көтерме саудада өткізу нарығының жиынтық түрде 50 пайыздан астам үлесіне ие.
«Калашников» ЖК мен «Иврема» ЖК объективті негіздерсіз контрагенттерге алдын ала төлем мөлшері мен 100 пайыздық төлемді енгізу мерзімдері бөлігінде әртүрлі шарт талаптарын қолданған.
Осыған байланысты Департамент анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар шығарды.
Хабарламаларды орындау мақсатында «Калашников» ЖК және «Иврема» ЖК барлық контрагенттер үшін тең шарттарды көздейтін қосымша келісімдер жасасты.