«СОЛТҮСТІК» ӘКК ҚЫЗМЕТІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГ АЯҚТАЛДЫ

«СОЛТҮСТІК» ӘКК ҚЫЗМЕТІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГ АЯҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметіне жүргізілген мониторингті аяқтады.

Сондай-ақ, ӘКК тарапынан қызмет түрлерін кеңейту туралы өтінішхат қаралды.

Тексеру барысында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабы талаптарының бұзылғаны анықталды.

Мониторинг нәтижесінде АҚ кейбір қызмет түрлерін монополияға қарсы органның келісімінсіз жүзеге асырғаны белгілі болды. Атап айтқанда, жалға беру, бильярд және кір жуу қызметтері.

Анықталған бұзушылықтарды жою туралы АҚ атына нұсқама енгізіліп, ол толық көлемде орындалды.

Сонымен қатар, АҚ қызметіне жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасарының атына қоғамның жарғысынан нақты көрсетілмеген «өзге де көлік-экспедициялық қызмет» түрін алып тастау жөнінде нұсқама жолданды.

Қазіргі уақытта аталған нұсқама орындалу сатысында.