СҰЙЫЛТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН БӨЛУ КОМИССИЯСЫН ҚҰРУ КЕЗІНДЕГІ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖОЙЫЛДЫ

СҰЙЫЛТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН БӨЛУ КОМИССИЯСЫН ҚҰРУ КЕЗІНДЕГІ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖОЙЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өңір аумағында сұйытылған мұнай газын өткізумен айналысатын нарық субъектілерінің өтініштерін қарады. Өтініштер тауар биржаларынан тыс бөлінетін сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия құрамына Қазақстан отын қауымдастығы өкілдерін енгізудің заңдылығына қатысты болды.

Қарау барысында комиссияның жұмыс органы Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қауымдастыққа комиссия құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы ұсыныс жолдағаны анықталды.

Негізінде сұйытылған мұнай газын өткізушілердің мүддесін білдіретін қауымдастық өкілінің комиссия құрамына қатысуға болмайды  және мүдделер қақтығысына әкелуі мүмкін.

Аталған фактілер бойынша басқарма әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері анықталды. Бұл бұзушылық Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабы 1-тармағында айқындалған.

Осыған байланысты Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды тоқтату және жою қажеттігі туралы хабарлама жолданды.

Қазіргі уақытта хабарлама толық көлемде орындалды.