БҚДА КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ТОҚТАТТЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өңірдің күзет қызметтері нарығында жосықсыз бәсекелестік белгілерін анықтады.
Нарық субъектісінің өтінішін қарау барысында «Невский Секьюрити» ЖШС, «LIONS Security» ЖШС, «ММ Меч Security» ЖШС және «Сункар Секьюрити» ЖШС әрекеттерінде жосықсыз бәсекелестік белгілері бар екені анықталды. Атап айтқанда, олар нарық субъектісінің қызметіне қатысты жалған және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқан.
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша аталған компаниялардың атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы, сондай-ақ Кәсіпкерлік кодекстің 199-бабына сәйкес хабарламалар жолданды.
Қазіргі уақытта компаниялар хабарламаларды орындап, анықталған бұзушылық белгілерін монополияға қарсы тергеп-тексеру жүргізілмей-ақ жойды.