СҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕ КЕЗЕКТІ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АЗРК АНЫҚТАДЫ

СҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕ КЕЗЕКТІ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АЗРК АНЫҚТАДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың сұйытылған мұнай газын бөлу (жеткізу жоспарын қалыптастыру) жөніндегі әрекеттеріне бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізді.

Талдау барысында Басқарма сұйытылған мұнай газын бөлу кезінде СҚО-ның газ желісі ұйымдары үшін көлемдерді айқындаудың өз тетігін сақтамағаны анықталды. Нәтижесінде бір нарық субъектісіне сұйытылған мұнай газының көлемі негізсіз жоғары мөлшерде бөлінсе, ал басқа субъект бойынша бекітілген нормативтерден едәуір төмен көлемде бөлу туралы шешім қабылданған. Осылайша жекелеген нарық субъектілері үшін артықшылықты жағдайлар жасалған. Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерін қамтиды.

Талдау нәтижелері бойынша БҚДА департаменті СҚО әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бұзушылық белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолдады. Қазіргі уақытта хабарлама орындалу сатысында.

Еске сала кетейік, бұған дейін монополияға қарсы орган тарапынан СҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия құрамын қалыптастыру кезінде бұзушылық белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама енгізілген болатын.