АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ҚОҚЫС ШЫҒАРУ ТӨЛЕМІ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛДІ

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ҚОҚЫС ШЫҒАРУ ТӨЛЕМІ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті Семей қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару қызметтерін көрсететін компания тарапынан үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады.

Тексеру барысында «Семей Тазалық» ЖШС өз қызметтері үшін төлемді нақты тұратын адамдар санын негізсіз арттыру арқылы, сондай-ақ дәлелдерсіз біржақты тәртіппен жасалған актіге сүйене отырып есептегені анықталды. Аталған әрекеттер қала тұрғындарының құқықтарын шектеуге әкеліп, Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабын бұзу белгілеріне жатады.

Аталған компанияның атына бәсекелестік туралы заңнаманы бұзушылықты тоқтату жөнінде хабарлама жолданды.

Бүгінгі таңда хабарлама толық көлемде орындалды.

Қолданыстағы тарифтерге сәйкес төлемдер қайта есептелді.