ЖАНАР АДИКОВА ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНЕ ҚАРАСТЫ «БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ДАМУЫН ТАЛДАМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ» РММ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бұйрығымен «Бәсекелестіктің дамуын талдамалық зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Адикова Жанар Асылханқызы тағайындалды.
Адикова Жанар 1985 жылғы 11 наурызда дүниеге келген.
Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын «экономика» және «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі – 17 жыл.
2008 жылғы қазаннан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде бас маман болып жұмыс істеді.
2013 жылғы қарашадан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құрылымдарында түрлі лауазымдарды атқарды, оның ішінде Қостанай облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті департаментінің директоры болды.
2020 жылғы қарашадан 2021 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қаржы нарықтары және өзге де салалар департаментінің директоры қызметін атқарды.
2021 жылғы қарашадан 2026 жылғы қаңтарға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияда лауазымды тұлға болып тағайындалып, Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментін басқарды.
2026 жылғы 17 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының бұйрығымен «Бәсекелестіктің дамуын талдамалық зерттеу орталығы» РММ директоры лауазымына тағайындалды.