ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Ернар Қосбаев 2025 жылды қорытындылады.

Департамент бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері бойынша 7 тергеп-тексеру жүргізді.

«Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на қатысты жүргізілген тергеп-тексеру барысында Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтады.

Акционерлік қоғам, ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 174-бабының 4) және 10) тармақшаларына сәйкес, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi болғызбауға (немесе) нарық субъектісінің белгілі бір тұтынушылар тобының заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттерге  жол берген.

Яғни, Акционерлік қоғам мен «Казсбытгрупп» ЖШС (бұдан әрі-Серіктестік)  арасында Акционерлік қоғамның басқаруындағы Шымкент қаласының индустриалдық аймақтары қатысушыларын энергиямен жабдықтауды үйлестіру және жеткізу шарты жасалған. Шартқа сәйкес Акционерлік қоғам осы шарт бойынша Серіктестіктің жалпы табыс сомасының елу пайыздан астамын өз пайдасына алып отырған.

Нәтижесінде, Акционерлік қоғамға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 159-бабының 3-1 бөлігімен 14 660 886 тг айыппұл салынды. Айыппұл толығымен өндірілді.

Сондай-ақ, Департамент «Шымкент» Әуежай» АҚ-на қатысты  Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) бөлігін бұзу белгілері бойынша авиаотынды сату нарығында монополиялық жоғары бағаны белгілеу әрекетіне қатысты  тергеп-тексеру жүргізілді.

Яғни, әуежайдың іс-әрекетінде авиаотынды сату нарығы бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері анықталды. Яғни, әуежайдың авиаотынды сату қызметінде монополиялық жоғары бағаны белгілеу әрекетімен негізсіз пайда алып отырған.

Нәтижесінде, іс-материалдары Шымкент қаласының экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.

Осылайша 2025 жылдың қорытындысы бойынша Департаментпен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылу белгілері үшін  52 825 135 т айыппұл салынды, ал 36 111 048 теңге толығымен бюджетке өндірілді. 1 іс соттың қарауында.

Департамент ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамысын бұзушылық белгілерінің алдын алу және оның салдарын жою туралы шығарылған нұсқамалар саны – 9, барлығы орындалды.

Сонымен қатар, 2025 жылды қорытындылай келе бүгінгі жағдай бойынша Департаментке 449 өтініш қаралымға тіркелген. Оның ішінде: 176 өтініш құзыреттілігі бойынша өзге органға жолданды, қаралғаны 266 өтініш, 100 жуығы оң шешімін тапса, 57 қолайлы әікмшілік акт қабылданды, қалған өтініштер бойынша  түсіндірме жауап берілді.

Департаментке  келіп түскен арыз шағымдардың қаралу нәтижесі мен олар бойынша тауар нарығына жүргізілген талдаулар қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 199-бабына сәйкес Департамент 6 Хабарлама шығарылды. Нәтижесінде келесі жағдайларға қол жеткізілді:

«Autocenter Ontustik» ЖШС дилерлік автосалон орталығы сатып алушыларға жүрілмеген автокөлікті сату барысында қосымша жабдықтар мен қызметтерді мәжбүрлі түрде жүктеп отырған.

Тұтынушылар бұл талапты орындамаған жағдайда автосалон тарапынан автокөліктер сатылмайтындығы анықталды.

Нәтижесінде, автосалонның үстемдік үлесі анықтала отырып, Департамент орын бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау туралы «Autocenter Ontustik» ЖШС-ң әрекетіне қатысты хабарлама жолданып, өз кезегінде орын алған әрекеттер толығымен жойылды.

Сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігінің энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына шығарылды. Яғни, Басқарма сұйытылған мұнай газын бөлу кезінде газ таратушы ұйымдарға теңдей құқықта бөлмеу (бермеу) және олардың сұраныс өндірісін толықтай қамтамасыз етпей нарық субъектілерінің құқықтарын шектей отыра негізсіз газ тапшылығының орын алу әрекетін тудырған.

Нәтижесінде, қала аумағында сұйытылған мұнай газының тапшылығы жойылып, нарық субъектілеріне жасалған кедергілер өз шешімін тауып, бірдей қолжетімділік арта түсті. Қоғамда туындағын резонанс мәселесі ретке келтірілді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы Абай аудандық прокуратурасының  ұсынысы негізінде монополист компания «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның тарапынан 13 997 кәсіпкерлік субъектісімен соның ішінде 32 инвестормен заңнамада  көзделмеген  қосымша міндеттемелерді жүктей  отырып,  олардың құқығын шектейтін келісімдерді жасау әрекеттеріне жол берген фактілер анықталды.

Нәтижесінде, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерін (әрекеттерін) яғни, нарық субъектiлеріне соның ішінде инвесторларға өз мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сәйкес осы келiсiмдердiң нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелермен келiсiм жасасуға шарт қою не оның талаптарын күштеп таңуды тоқтатуды және алдағы уақытта аталған әрекеттерді болдырмау туралы хабарлама жолданып, монополист компанияның теріс әрекеттері толығымен жойылды.