ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН 20 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ СОМАҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН 20 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ СОМАҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Жамбыл облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің басшысы Жандос Әзімов ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі жұмыс қорытындыларын ұсынды.

Монополияға қарсы ден қою шараларын іске асыру шеңберінде департамент 3 тергеп-тексеру тағайындалып, толық аяқталды. 15 нұсқама енгізілді, 8 хабарлама және 1 ескерту жолданды. Тексеру іс-шаралары жергілікті атқарушы органдардың, өндірушілердің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қамтыды.

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша 4 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 20 млн теңгеден асатын айыппұл салынды. Бір тергеп-тексеру материалы сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.

Жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесуге ерекше назар аударылды. «Nomadcar», «Авто Прайм Тараз» және «Лекс-Авто» ЖШС автодилерлерінің қызметінде автокөліктерге қызмет көрсетуді тек ресми дилерлік орталықтарда жүргізу туралы тұтынушыларға заңсыз талаптар қою фактілері анықталды. Нарық субъектілері анықталған бұзушылықтарды толық мойындап, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдады.

Талас ауданы Қаратау қаласы әкімдігі аппараты тарапынан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау нарығында жеңімпазды айқындау кезінде бәсекелестікке қарсы әрекеттер анықталды. Аталған факті бойынша лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ коммерциялық сұйытылған мұнай газын өткізу нарығында үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды. Атап айтқанда, «KGT Group» және «Alan Gaz Terminal» ЖШС тарапынан тұтынушыларға әртүрлі баға қолданылған. Аталған бұзушылықтар мойындалып, жойылды.

Бәсекелестікті дамыту және әділ нарықтық ортаны қалыптастыру мақсатында көлік және байланыс, агроөнеркәсіп кешені, отын-энергетика секторы және экономиканың өзге де салаларында 15 тауар нарығына талдау жүргізілді. Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 23 ұйымның 12-сі антимонополиялық заңнама талаптарына сәйкестендірілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында департаментпен нарықтарға талдау жүргізіліп, квазимемлекеттік сектор қызметін жекешелендіру арқылы бәсекелі ортаға беру үшін 91 субъект айқындалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Сонымен қатар «еститін мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде департамент жанынан тауар нарықтарына кіру барысындағы кедергілерді анықтау және жою жөніндегі Кеңес тұрақты негізде жұмыс істейді. Қаралған 9 кедергінің 5-еуі өңірлік деңгейде жойылды.