АГЕНТТІКТІҢ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ

Атырау облысы бойынша Департамент басшысы Айгүл Нәбиева жыл басынан бері атқарылған жұмыс туралы баяндады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың заңсыз қызметі
Осы жылы Департамент мемлекеттік қатысуы бар 100 кәсіпорынның қызметіне мониторинг жүргізді. Нәтижесінде Атырау облысы аумағында антимонополиялық органның келісімінсіз қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілері анықталды. Осыған байланысты Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзушылықтарды жою туралы 31 нұсқама берілді.
Мониторингтің мақсаты – келісімсіз құрылу, кеңею немесе қызмет түрлерін өзгерту фактілерін, сондай-ақ келісілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруды анықтау.
Мәдениет пен білім беру саласындағы мемлекеттік кәсіпорындардың негізгі мәселесі – заңсыз қосымша қызмет көрсету. Бұл адал бәсекелестікке кері әсер етеді және жеке сектордың дамуын шектейді.
Доминанттық жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша хабарлама
«TransTehInternational» ЖШС-не доминанттық жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бары туралы хабарлама берілді. Компания Атырау облысы аумағында қалыпты нанды көтерме сатумен айналысады. ЖШС тауарды объективті себептерсіз әртүрлі бағамен өткізген, бұл нарықтық күші бар субъектілерге тыйым салынған іс-әрекет. Хабарлама орындалды, бұзушылық жойылды.
Атырау және Астана қалаларының Департаменттері жүргізген бірлескен тергеу барысында «Бірлік Жол Строй» және «NNC group» ұйымдарының автожолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарында картельдік келісімге келгені анықталды.
Компаниялардың сотта нәтижелерді даулауға талпынысы сәтсіз болды.Бірінші және апелляциялық сатыдағы сот шешімдері заңды күшіне енді.Тергеу қорытындысы бойынша «Бірлік Жол Строй» ұйымы табысының 3%-ы көлемінде айыппұл төлеп, монополиялық табысы тәркіленді. Бұл картельдермен жүйелі күрестің жалғасып жатқанын көрсетеді.
Монополиялық жоғары баға қою фактісі
Бұқаралық ақпарат құралдарында бұған дейін «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не қатысты доминанттық жағдайды теріс пайдалану – мұнай өңдеу қызметіне монополиялық жоғары баға қою (2021–2023 жж. 31%-ға өсім) белгілері бойынша тергеу басталғаны хабарланған болатын.
Тергеу аяқталды. Монополиялық жоғары баға қою фактілері расталды. Зауыт бұл қорытындылармен келіспей, әкімшілік талап арыз берді.
Сот процестері жалғасуда.
Медициналық нарықтағы кемсітушілік әрекеттер
Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасына қатысты жүргізілген тергеу нәтижесінде ЖТМО және МӘМС аясында гистологиялық зерттеулер жүргізуге жеке ұйымдардың қатысуын шектеу фактілері анықталды.
Басқарма нарыққа қолжетімділікті шектеп, бірқатар қатысушыларды нарықтан шығарып, жекелеген субъектілерге негізсіз артықшылықтар жасаған.
Департамент бұзушылықтарды жою шараларын қабылдап, медициналық қызметтер нарығындағы адал қатысушыларды кемсітуді болдырмады. Басқарма лауазымды тұлғасына қатысты әкімшілік істер қозғалды және бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Сот Басқарма жетекшісін ӘҚБтК-нің 163-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, айыппұл мөлшерін 30%-ға (825 720 теңгеге дейін) төмендетті.
Басқарманың шағымдары бойынша сот процестері жалғасуда.
Тауар нарықтарындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне жүргізілген 10 талдау
Оның ішінде:
- 5 — жоспарға сәйкес (бандерольдер мен сәлемдемелерді тіркелетін пошта байланысы қызметтері; мектепке дейінгі білім беру; орта білім беру; күнбағыс майын көтерме сату; ірі сауда желілері мен сауда нысандарындағы азық-түлікті бөлшек сату);
- 5 — жоспардан тыс (авиакеросинді көтерме және бөлшек сату; ірі сауда желілеріндегі азық-түлікке бөлшек сауда; бірінші сұрыпты ұннан жасалған қалыпты нанды көтерме сату; құс етін көтерме сату).
1 — бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарлама берілді;
7 — тергеу тағайындалды, оның ішінде 6 аяқталды, 1 уақытша тоқтатылды.