ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФАРМЗАУЫТ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ПРИНЦИПТЕРІН САҚТАЙДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФАРМЗАУЫТ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ПРИНЦИПТЕРІН САҚТАЙДЫ

2021 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Самбетов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Сапар барысында Болат Самбетов монополияға қарсы аумақтық департамент ұжымымен ағымдағы мәселелер мен алдағы кезеңге арналған жоспарларды талқылап, "Super-Pharm" ЖШС Жамбыл фармацевтикалық зауытына барды.

Бұл кәсіпорын бір реттік стерильді және стерильді емес киімдерді, медицинаға арналған операциялық іш киімдерді, сондай-ақ бір реттік медициналық құралдарды, оның ішінде пандемия кезеңінде қажеттілігі бірнеше есе өскен медициналық маскаларды өндіруші болып табылады.     

2020 жылдың қараша айында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен "Super-Pharm" ЖШС монополияға қарсы комплаенс жасасты, оның шеңберінде бір реттік медициналық маскалардың бағасы 40 теңгеден 22 теңгеге дейін төмендетілді және әлі де осы деңгейде сақталып отыр.