#АнтимонопольноеведомствоЖамбыл

«ҚАЗФОСФАТ» ЖШС-ҒА ҚАТЫСТЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ АЯҚТАЛДЫ
«ҚАЗФОСФАТ» ЖШС-ҒА ҚАТЫСТЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ АЯҚТАЛДЫ

Алматы және Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы департаменттер «Қазфосфат» ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2021 жылғы қарашада аммофос бағасы 125 000 теңгеден 168 750 теңгеге дейін өсті, жыл басымен салыстырғанда бағаның өсуі 35%-ды құрады. Бұл ретте, 2022 жылғы қаңтарда баға 185 625 теңгені құрады, 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 48,5%-ға өсті.

Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Алматы қаласы бойынша департаменттің 2022 жылғы 31 мамырдағы бұйрығына сәйкес «Қазфосфат» ЖШС-ға қатысты материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің Алматы қаласындағы Экономикалық тергеу департаментіне берілді. Материалдар қайтарылған жағдайда, монополияға қарсы орган нұсқама енгізе отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайтын болады.

«Қазфосфат» ЖШС бағаны 185 мың тг/тн-ден 173 мың тг/тн-ге дейін төмендетті. Сонымен қатар, төлем жүргізген клиенттерге компания аммофостың қосымша көлемі түрінде ескі және жаңа баға арасындағы айырманы қайтаруды бастады. Кәсіпорынның деректері бойынша, айырманың жиынтық сомасы 2,8 млрд теңгені құрады.

Новости
Дата публикации: 10.06.2022
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАСЫНА АҚПАРАТ БЕРМЕГЕНІ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАСЫНА АҚПАРАТ БЕРМЕГЕНІ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

2022 жылғы ақпан айының ортасында Жамбыл облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің кедергілер жөніндегі кеңес отырыстарының бірінде Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және ТҮКШ басқармасының нарық субъектілері арасында сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу мәселесі қаралды. Осыған байланысты, Департамент барлық растайтын құжаттарды және субъектілер арасында көлемдерді бөлу бойынша есептерді ұсыну туралы Басқармаға сұрау хат жіберді. Алайда, заңнамада белгіленген мерзімде Басқарма монополияға қарсы Департаментке сұратылған ақпаратты толық емес көлемде ұсынды. Осының негізінде Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы орган Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасарына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Әкімшілік айыппұл қысқартылған әкімшілік іс жүргізу тәртібімен төленді.

Монополияға қарсы департамент лауазымды адамдарға және нарық субъектілерінің назарына ақпаратты ұсынбау не анық емес, жалған немесе толық емес көлемде ұсыну «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын жеткізеді

Ашық көздерден алынған фотосурет

Новости
Дата публикации: 28.03.2022
«ТАРАЗ» ӘКК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН КЕШЕНДЕР ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ЗАҢСЫЗ БЕРДІ
«ТАРАЗ» ӘКК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН КЕШЕНДЕР ҚҰРЫЛЫСЫНА  ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ЗАҢСЫЗ БЕРДІ

Монополияға қарсы департаментпен «Тараз» ӘКК акционерлік қоғамының қызметіне бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан мониторинг жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қайшы келетін жер учаскелерін заңсыз беру түріндегі заңнаманы бұзу, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №13 «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қызметтің басым түрлерінің тізбесі бекітілген.

Алайда, «Тараз» ӘКК акционерлік қоғамы инвестициялық және инновациялық жобалар болып табылмайтын және Үкімет бекіткен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейтін тұрғын үйлер мен кешендер салу үшін жер учаскелерін заңсыз бергені анықталды.

«Тараз» ӘКК акционерлік қоғамына жер учаскелерін заңсыз беру тәжірибесін тоқтату туралы хабарлама шығарылды, оның орындалуы 30 күнді құрайды.

Аталған хабарлама орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жұмыстары тағайындалады.

Ашық көздерден алынған фотосурет

Новости
Дата публикации: 25.03.2022
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНМЕН АРМАТУРАНЫ ӨТКІЗУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН «ТАРАЗ МЕТАЛЛ ИНВЕСТ» ЖШС-НЕ ХАБАРЛАМА ЖОЛДАНДЫ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНМЕН АРМАТУРАНЫ ӨТКІЗУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН «ТАРАЗ МЕТАЛЛ ИНВЕСТ» ЖШС-НЕ ХАБАРЛАМА ЖОЛДАНДЫ

Департаментпен «Тараз Металл Инвест» ЖШС-не қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолданды.

«Тараз Металл Инвест» ЖШС-мен арматураны өткізу кезінде нарық субъектілеріне объективті түрде ақталмаған себептермен әртүрлі бағалар қолданылды. Яғни, ф. 14-11,75м нысанды арматураны сатып алу бағасы         2021 жылдың ақпан-сәуір айларында 308 041 теңгеден 350 000 теңгеге дейін ауытқыды, атап айтқанда, ақпан айында сатып алу бағасы 308 040 теңге, наурыз айында 320 000 теңге, сәуір айында сатып алу бағасы 316 123 теңгеден 350 000 теңгені құрады.

Хабарлама оны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады.

ашық көздерден алынған фотосурет

Новости
Дата публикации: 28.07.2021
БӘСЕКЕЛЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ҚАЙТАЛАП БҰЗУ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӘКІМШІЛІК ІС ҚОЗҒАУДЫҢ НЕГІЗІ БОЛДЫ
БӘСЕКЕЛЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ҚАЙТАЛАП БҰЗУ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӘКІМШІЛІК ІС ҚОЗҒАУДЫҢ НЕГІЗІ БОЛДЫ

Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы органмен «Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-не (Бөлім) қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді аяқтады.

Атап айтқанда, өткен жылдың соңында монополияға қарсы департамент мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында заң бұзушылықтарды анықтады, аталған бөлім Жарғыда көзделмеген қызмет түрлеріне бір көзден сатып алу тәсілімен кәсіпорындармен шарттар жасасқан. Осыған орай, монополияға қарсы департамент бөлімге қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды тоқтату туралы хабарлама шығарды, алайда мониторинг барысында 4 айдан кейін заң бұзушылықтар қайта орын алды. Қайталанған бұзушылықтарды анықтау нәтижесінде монополияға қарсы департамент тергеп-тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша Бөлім басшысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 163-бабының 1 бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. 

Новости
Дата публикации: 04.06.2021
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФАРМЗАУЫТ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ПРИНЦИПТЕРІН САҚТАЙДЫ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФАРМЗАУЫТ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ПРИНЦИПТЕРІН САҚТАЙДЫ

2021 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Самбетов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Сапар барысында Болат Самбетов монополияға қарсы аумақтық департамент ұжымымен ағымдағы мәселелер мен алдағы кезеңге арналған жоспарларды талқылап, "Super-Pharm" ЖШС Жамбыл фармацевтикалық зауытына барды.

Бұл кәсіпорын бір реттік стерильді және стерильді емес киімдерді, медицинаға арналған операциялық іш киімдерді, сондай-ақ бір реттік медициналық құралдарды, оның ішінде пандемия кезеңінде қажеттілігі бірнеше есе өскен медициналық маскаларды өндіруші болып табылады.     

2020 жылдың қараша айында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен "Super-Pharm" ЖШС монополияға қарсы комплаенс жасасты, оның шеңберінде бір реттік медициналық маскалардың бағасы 40 теңгеден 22 теңгеге дейін төмендетілді және әлі де осы деңгейде сақталып отыр.

Новости
Дата публикации: 20.05.2021
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕГЕН
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕГЕН

Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы органмен Жарғысында қызметтің тиісті түрі қарастырылмаған «Байзақ су» ШЖҚ КМК-мен электршінің қызметін көрсету, жүк автомобильдерін жалға беру және жүргізушімен арнайы техниканы жалға беру қызметтеріне бір көзден сатып алу тәсілімен келісім шарттар жасасу арқылы өзге де нарық субъектілерінің тиісті тауар нарығына кіруін шектегені үшін «Байзақ ауданы әкімінің аппараты», «Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты» және «Сарыкемер ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-леріне қатысты хабарламалар енгізілді.

Хабарлама алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады.

Ашық көздерден алынған фотосурет

Новости
Дата публикации: 19.05.2021
  • 1