Жаңалықтар блок
- ӨНЕРДІҢ ӨНЕГЕСІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ Мұқан Төлебаев ауылдық мәдениет үйінде мекеме басшысы Қасымов Дәулет Задашұлының бастамасымен қазақ мәдениеті мен әдебиетіне өзіндік үлес қосқан қаламгер Зылиха Тамшыбаеваның шығармаларын таныстыруға арналған танымдық мәдени шара өтті.
- 2026 жылдың 16 сәуір күні Қарашыған ауылдық округінің әкімшілігінде "Заң мен тәртіп - қоғам негізі" тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара. Оның негізгі мақсаты - заңның маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін талқылау және тәртіптің қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін көрсету. Қорытындысында, заң мен тәртіпті сақтау - әрбір азаматтың борышы екені және ол қоғамның дамуы мен өркендеуінің басты негізі екені атап өтілді.
- «Заң және тәртіп» акциясы аясында М.Төлебаев ауылдық Қазпочта қызметкері тұрғындарға заң талаптарын түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп пен жауапкершілік мәселелері кеңінен айтылып, тұрғындарға қажетті ақпараттар берілді.
- «Заң мен тәртіп» акциясы аясында Қарашыған ауылдық округі әкімшілігінде учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Ержан Жандос Серікжанұлы мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтықтан сақтану және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына заң талаптарын сақтау мен қауіпсіздік шараларын күшейтудің маңыздылығы айтылып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
- 08 маусым күні Қарашыған ауылдық округінде интернет алаяқтық алдын алу мақсатында брошюралар таратылды. Тұрғындарға интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың түрлері, жеке деректерді қорғау жолдары және күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақтану туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға қауіпсіздік ережелері жазылған ақпараттық брошюралар таратылып, сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.













