Жиі қойылатын сұрақтар
Ия, «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі тегін көрсетіледі.
"Жастар тәжірибесі" жобасы алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ТжКБ және ЖОО-ның жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыруға арналған.
Экономикалық мобильділік сертификаты қандастарға немесе қоныс аударушыларға қабылдау өңіріндегі тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үй сатып алу кезінде беріледі.
Мемлекет жұмыссыз азаматтарды қолдаудың мынадай шараларын көздейді:
Әлеуметтік жұмыс орындары;
Жастар практикасы;
Қоғамдық жұмыстар;
«Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар
Жұмыссыз азаматтар Электрондық еңбек биржасында орнатылған тегін оқу курстарына қатысып, сертификаттарға ие бола алады. Тегін оқу курстарында көптеген оқу түрлері кездеседі, оқу ұзақтығы жұмыссыз азаматтың өзіне байланысты.
Грант алуға халықтың әлеуметтік осал топтары құқылы.
Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектігі бар адамдарға оңалту құралдары мен қызметтерін тікелей жеткізушілерден өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.
"Алтын алқа" алқасымен Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар марапатталады.
"Күмiс алқа" алқасымен Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте марапатталады.
Жасы ұлғайғандықтан өзіне қамқорлық жасай алмайтын адамдар қарттар үйіне орналасу үшін тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгінуі керек. Өтінішті қамқоршы немесе заңды өкіл береді, ал ресімдеу әлеуметтік қажеттілік пен мекемеде бос орындардың болуы негізінде жүргізіледі.
Бос жұмыс орындар бойынша ақпаратты «Электрондық еңбек биржасынан» алуға болады. Бұл – еңбек нарығының ақпараттық базасы болып табылады және толық көлемде жұмыс істейді, сонымен қатар, (www.enbek.kz) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады.